Өлең, жыр, ақындар

Бала — асыл болмыс

Бала — ішінде сансыз асылдар сақталған қазына. Қолымызда біраз алтын болса, қайда, қалай сақтайтынымызды білмейміз. Ертеңіміздің үміті — балаларымызға көптеген ата-ана иелік жасай алмауда, бұл асыл болмыстар қолдан шығарылуда. Бұны түсінген кезде кеш болып қалуы мүмкін.

Балалардың жүрегі таза айна сияқты. Алдындағы нәрсені дереу қабылдап алады. Сондықтан оларды жаман достардан алыс ұстау керек. Жаман нәрселерге тыйым салу керек. Жақсы нәрсе істесе мақтау керек. Қалағанын жеп, қалағанын киюге үйретпеу керек. Алдымен тілін, отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтын сүюді үйрету керек, қабілеті бар болса ғылым үйрету керек. Немесе қабілетіне қарай өнерге баулу керек. Үйді басқара алатындай жасқа келгенде үйлендіру қажет.

Кейбір адамдар айтады:

«Балаларға діни тәрбие беру, оларға белгілі бір сенімді сіңдіру дұрыс емес. Бала өскеннен кейін зерттеп, қандай сенімді ұнатса, соны алсын».

Алайда, дінімізде бала тәрбиесіне ата-анасы жауапты болады. Зер салып қарайтын болсақ, мұндай сөздерді айтатындар миссионерлер немесе олардың ықпалында қалған, зиялы болып көрінгісі келетін бірнеше адамдар.

Миссионерлер бұл пікірді айтумен бірге өз балаларын туғаннан бастап шіркеуге апарып, діни рәсімдерге қатыстырады. Одан кейін кішкене кезінен бастап өз сенімдері бойынша тәрбиелеу үшін қолдарынан келгеннің бәрін істейді. Тіпті, мұны ең басты міндет деп біледі. Өз балаларына осындай деңгейде діни білім беруге тырыса тұра, мұсылман балаларын дінге тәрбиелемей өсіруді талап етулері олардың негізгі мақсаттарының мұсылмандардың балаларының дінсіз болып өсуін көздейтінін аңғартады.

Оқуға кеңес береміз:

Бақытты балалық шақтың 40 белгісі

Рухани мықты балаларды тәрбиелеуге арналған 8 ойын


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз