Адамзат өмір барысында әрқашан мінсіз өмір туралы армандайды, бірақ мінсіз өмір қандай апаттарға апаруы мүмкін?
1968 жылы Америкалық ғалым Джон Кэлхун осы сұраққа жауап іздеуге тырысты. Негіз ретінде ғалым тышқандарды пайдаланды. Оларды үлкен, мінсіз "қалашық" ішіне салып, сол жерді тамақпен толтырып, бүкіл қауіптен (мысықтар немесе тұзақтар) шектеді.
Бұл эксперимент 4 кезеңге бөлінді:
A) бастау
«Қалаға» орналастырылған тышқандар алдымен өздерін керемет сезінді: олар тамақтанды, ұйықтады, жұптасты. Олар бейімделуден оң өтті, ұяларға орналасты. Алғашқы ұрпақ пайда болғанға дейін шамамен 55 күн өтті. Осыдан кейін наноәлем өмірінің тағы бір кезеңі басталды.
В) халық санының өсуі
Мінсіз тіршілік ету аймағында тышқандар саны өсті, балалар орташа мәнде әр 55 күн жарық көрген.
С) тоқырау
Осы кезең басында қала ішінде 620 тышқан тіршілік етті. Олардын көбею қарқыны төмендеп, социум ішінде агрессия орын алды. Тамақты тұтыну жиілігі де бірнеше есе төмендеді. Бұл кезеңде тышқандарда социалды иерархия пайда бола бастады, сонымен бірге біртүрлі топтар да пайда болды. Олардың бірі әлеуметтік топтардан қуылған жас жігіттер. Үлкен тышқандардың агрессиясының құрбаны болған, олардың құйрықтары тістелген, бүйірлері жыртық, терлерінде қан іздері болды. Олар психологиялық түрде бұзылып, әлеуметтік рөлдерді атқаруға тоқтады. Оған себепкерлер жасы үлкендер, олар мінсіз өмір сүру жағдайда жастарға орын бермей, оларды қуды.
D) жойылу
Колония қарқынды өсуін тоқтатқан кезде, қалашықта 2200 тышқан өмір сүрді, жасы үлкендер тарапынан жасы кішілер қысымға ұшырады, тышқандар санының азаю кезеңі басталды. Джон Кэлхун бұл кезеңді «жойылу кезеңі» деп атады.
«Universe-25» экспериментінің төртінші кезеңінде «әдемілер» деп аталатын жас аталық тышқандар тобы пайда болды, оларда қуылғандар сияқты тістеудің ізі, қаны және басқа да сұмдығы жоқ. Бұл тышқандар ұрғашылар үшін жарыспады, иерархияда орын талап етпеді, олар барлық уақыттарын тамақтануға, ұйықтауға және жүндерін тазалауға арнады. Шамамен осы уақытта аналықтар жұптасуға қызығушылық танытуды жаппай тоқтатты.
Бұл эксперимент 1972 жылдың маусым айында бітті, қалашық ішінде тек 122 ұрпақ көтере алмайтын тышқан қалды. Нәтиже түсінікті болды: олар өз өмірінің соңғы күндерін көруде.
Бұл эксперименит арқасында біз мінсіз өмірдің бүкіл жаман жақтарын көре алдық. Тышқандар арасында социалды иерархия деформациясы, агрессия, гомосексуализм, каннибализм орын алды. Басқаларың өміріне тіптен араласпайтын тышқандарды да көрдік. Олардың мінездері өзгеріп, өмірлері жұмақтан тозаққа тез айналды.
Мүмкін бізге де мінсіз өмір қажет емес?
Милгрэм тәжірибесі: авторитетке бағыну
Балаңыз қандай: Баланың мінезі мен ерекше қасиеттерін анықтауға көмектесетін 6 тест
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі