«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» Абылайдың жас шағында басталған. Абылай Уәлиұлы 1750 жылы орта жүзге хан болған. Оны хан етіп көтерушілердің ішінде: Жүзәли, Қараша, Әбілқайыр, Ақтанберлі деген билер мен сұлтандар қатысқан.
...Бірде қалмақтар көп қол жиып, Абылаймен тағы соғысқан. Абылай дағдарып, сасып, жау жағы басым болып, не қыларын біле алмай, ел басшылары, билер мен батырларын, ақсақалдары мен қарттарын жиып алып, кеңес құрады.
— Ақыл тауып беріңдер, не істейміз? — дейді. Сонда бір қарт тұрып:
— Бізде айла да, ақыл да жоқ, солай болса да, қырғынға ұшырай бергеніміз жарамас, соғысты біраз жылға тоқтата тұрудың жолын ізделік. Мына ұлы жүз Жалайырдың ішіндегі Сиыршыдан шыққан шарапатты Ескелді Жылкелді ұлы деген би бар. Соны алдыралық, — дейді.
Абылай дереу Ескелдіні алдырады. Сонда ол:
— Саспаңыз, ханым, маған жөн білетін елу адам қосып беріңіз. Қалданды мен тоқтатып берейін, — дейді. Сөйтіп, ол елу адамды соңына ертіп, елшілікке жүреді.
Барса қалмақ ханы оны жассынып, елеңкіремейді. Ескелді жөнін айтып Қалданға:
— Мен сөйлесем, бұрынғы үлкендер айтушы еді, қазақ, қалмақ бір туысқан деп. Ағайын бірін-бірі өкпеге қиғандарымен өлімге қимас деп тағы айтады. Екі жағымыз да ашуға басып, талай боздақтарымыздың бастарын өлімге тігіп жібердік. өткенге — салауат, болашаққа — үміт. Біздің
елде: «даудың түбін қыз бекітеді, судың түбін шым бекітеді. Жаудың түбін тіл бекітеді» деген жақсы сөз бар. Не қыз алып, не қыз беріп, татуласайық, тынайық. Сонау Шыңғыс ханның заманынан біздің жолымыз үлкен ғой. Сіз қыз беріп, біз қалың төлеп, қабақ шытыспай, ел болайық. Бір анаға тел болайық! — депті.
Сонда Қалдан хан:
— Ел бастауға лайық лебізің жылы жайсаң екенсің, шарапатсыз болмассың-ау. Мен қыз берсем, не саған, не Абылайға беремін. Жол қайсыңа тиеді, оны өздерің айтыңдар, — дейді. Сонда Ескелді:
— Қыран екен көзіңіз,
Алтын екен сөзіңіз.
Елімнің жақсы салты бар,
ойлап оны сезіңіз.
Ханы тұрып жол алса,
ондай жаннан безіңіз.
Қызыңызды маған емес,
Абылайға беріңіз! — деген екен, Қалдан қатты риза болып:
— Онда Абылайды тез жіберіңдер, мен оған қыз таңдатқызамын, өзің қоса кел! — дейді.
Сонан кейін Қалдан хан қырық бозбаланы қызша киіндіріп, Абылайдың алдынан шұбатып өткізеді. Мұнысын Ескелді біліп отырады. Ол Абылайға алдын ала «менің нұсқауыма қарай қыздың басына гауһар тасты тағарсыз» деп айтып қойған екен.
Қалмақтар енді қырық келіншекті жүргізеді. Абылай абдырайды. Бірақ Ескелдіден нұсқау болмаған соң тұра береді.
Онан соң Қалдан қырық қызды әкелтіп, олардың төртіншісі етіп өзінің қызын алдынан өткізіпті. Сонда Ескелді:
— Үшіншіге дейін қарама, төртіншіні бағала! — дейді.
Абылай сол қыздың білегінен ұстайды. Қалдан:
— Мына жігіт болмаса, менің қызымды таба алмайтын едің, мұндай ақылман азаматы бар хан — бақытты! — деп қызы Менқандан дегенге қосып, Мамыт деген баласын қоса беріпті. онан соң Ескелдіге қарап:
— Қарауыттың көзімді, қасиетің бар екен,
Саған қарсы келгеннің жүрер жолы тар екен.
Тіл тигізген өзіңе, көрер көзге зар екен,
Қарап тұрсам, талабың Алатаудан ары екен.
Әмсе жолың болып, жолды қазақ атан! — деп сәттілік тілепті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі