Әжібайдың әлгі көк қасқа тұлпарының тұқымы ұрпақтарына мұра болыпты. Немересі Қожамқұлға бәсіре болған көк қасқа құлын жиырма екі жыл бойы бәйгенің алдын бермепті.
Ең соңғы жиырма екінші жылы, қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста ақырғы рет бәйгеге қосылған екен. Асқа келген қырғыздың сыншысы: «Қожамқұлдың көк қасқа аты бәйгеден келеді екен, келген соң өледі екен», — депті. Айтқандай бәйгеден көк қасқа ат бірінші келеді. Әжібайдың аруағы сол жолы тағы да ұран болыпты. Қожамқұл бәйгеден келген кәрі тұлпарды жетелеп Жіңішкенің шатына келгенде болдырғандықтан жүре алмай қалады. Жігіттер белбеулерін жалғап, атты баулап көтеріп, таудың басына шығарады. Ат бәрібір жүре алмайды. Үстін жабулап сонда қалдырып кетеді.
Кешкісін адам жіберсе, ат орнында жоқ болып шығады. Таң ата барса, қасқыр жарып жеп, басын дін аман қалдырып, құйрығын жерге шаншып кетіпті.
Қожамқұл көзіне жас алып:
— Атам Әжібайдан жеткен тұлпардың тұқымы ең, 22 жыл бәйгенің алдын бермедің. Басың ит-құсқа жем болмасын, — деп қарағайдың балашығына басын іліп кетіпті. Бас зәулім қарағай болып өскен баяғы балашықтың ұшында әлі тұр екен. Бәйгеге ат қосатындар соған тәуіп ететін көрінеді.
Оқуға кеңес береміз:
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі