Тарақты-Байқозы ірі атақты кісі болған адам. Бір жылы жұт болып, жылқысы ығып, Ертістің мұзына барып бір-ақ тоқтапты. Байқозы жылқымен бірге Ертіске түседі. Жылқысын тоғайдан қайырып, күн ашылған соң, еліне қарай айдайды. Кешке жақын қонуға бір бәсентиіннің үйіне сәлем беріп, кіріп келсе, төрдің алдында бір ақсақал отыр, жас шамасы сексеннен асқан сияқты, оң жақта сүйекпен оюлаған ағаш кереует тұрады. Соның алдында қолында домбырасы бар, үкілі кәмшат бөрік киген, үстінде бүрмелі етекті ақ көйлегі бар бір қыз ән салып, өлең айтып отыр екен.
Байқозы кіріп келгенде, қыз әнін тоқтатып, домбыраны жүктің үстіне қойып, қонақтарға әбден иіліп орын береді. Ақсақал жөн сұрап:
— Жылқыны қай жерден ықтырдыңыз? — дегенде,
— «Жалған» деген жерден, — дейді Байқозы. Бұл сөзді естіген қыз:
— Ауылың, елің жалғанда,
Жалғыз жарың қалғанда,
Жылқымен ығып жүргенде,
Қойнына біреу барған да, —
дейді. Байқозы:
— Бедіректі бетпақтың
Бадырайтып айтқан сөзін-ай,
Ұялмай-ақ атасының жүзінен-ай!
Кім қолмен басады дейсің, шырағым-ай,
Құдай нәсіп бермесе,
Көт иесінің өзіне-ай! —
депті. Әкесі:
— Қарағым, жеңдің, шапан жап! — деген екен.
Оқуға кеңес береміз:
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі