Хантауындағы бекінген Үсен-Серен деген қалмақ қонтайшысының шапқыншылары Арқадағы қазақ ауылдарының адамдарын байлап, малдарын айдап әкетіп, маза бермейді. Сонсоң Байғозы батыр мен Керей Жарылғап батыр Көкшетаудағы Абылайға барып, жағдайды айтыпты.
— Хантауында қалмақтың күшті қарулы әскері жатыр. Оған тиісу үлкен соғысқа ұласады. Одан гөрі шағын қолмен қалмақтардың ордасын қамап алайық. Қолды дұшпанның көзіне түсірмей, соған кім бастап барады? — депті Абылай хан.
— Көзге түсірмей мен бастап барамын, — дейді Байғозы.
Абылай хан үш жүз кісілік қолымен Арқадан аттаныпты. Әскері бірінің артынан бірі түнде жүріп, күндіз жатады. Жарылғап батыр — әскердің алдында барлаушы. Байғозы батыр артында бакылаушы болып, қолды Хантауында бейқам отырған қалмақ ордасының үстінен түсіріпті. Абылай хан қалмақтың қолбасшысы қонтайшының үрейін ұшырып, айдап әкеткен адамдарын, малдарын қайырып, қонтайшы айыбына ханға қызын береді. Бұдан былай бір-біріне тиіспеуге бітім жасап қайтады.
«Қазақтың ордасы Ұлытауға қалмақтар келді» деген хабар Байғозыға жетеді. 1743 жылы Байғозы батыр сауыт киімдерін киіп, қолына шашақты найзасын алып, жасақтарымен ұлытауға аттанып, қалмақтарды жеңіп қайтқан. Ел арасында Байғозы батыр туралы:
Тарақтыда Байғозы,
Бұ да асқан ер еді.
Ел шетіне жау келсе,
Мен барайын дер еді!
Байғозы батыр — қазақ халқының тарихындағы ірі тұлғаның бірі.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі