Орта жүз қырғыздары (қазақтары) қара қырғыздарды шабады. Қырғыздар мұны біліп қойып, соғысқа дайын отырады. Қайсақтар (қазақтар) қашады, жау оларды Ілеге дейін қуып келеді. Қазақтар өзенді жалдап өтеді. Қырғыз Теміржан батыр шайқастың қызығына беріліп, аз әскерімен Іленің арғы бетіндегі қырғыз жеріне өтіп кетеді. Сонда Қанжығалы Томаш батыр манаптың шағын әскермен шығандап кеткенін байқап кері бұрылып, найзасын бар күшімен аттың кеудесіне қадағанда, ат шоқиып отырып қалады. Манап тез аттан түсіп, Сіргелі Жаулыбай батырға ұмтылады. Қанжығалы Есет досына төнген қауіпті көріп, найзасын сілтейді, манап жерге құлайды. Томаш батыр аласа бойлы, бірақ үлкен жүректі адам болған. Ол аққуды ілген сұңқар тәрізді манаптың үстіне мініп қарнын жарады. Батырдың жалаңаш ақ тәні ақ сазандай далада қала берді (Манап деп қара қырғыздардың ру басын атайды). Теміржан денелі және көрікті аққұба жігіт болған. Қырғыздар манаптарының өлімін көріп, қатты өшігіп, қуғын салады. Аттан түсіп атпақ болған Сіргелі Жаулыбай батыр, артынан қырғыз (қазақ) Үсен батыр мен Алтай, Байғозы батырлар тұтқынға алынады. Жеребе тастап, Байғозы батыр манаптың өлімі үшін құрбандыққа шалынатын болады. Одан
«батырды кім өлтірді» деп сұрағанда, «ешкімді айтпаймын» деп жауап берген.
Оны жүзін шығысқа қаратып отырғызып, қырық қадам санап, ұзын мылтықты қара қырғыз қаруын жайлап кезенеді.
Байғозы кейіннен: «Басымды мықтап таңып, мылтықтың атылуын күтіп отырдым, қасыма қаза болған қырғыздың бауыры келгенін байқамай қалдым. Ол маған: «Менің ағам шейіт болды, мен қан төккім келмейді, сен, қазақ, боссың!» — деді. Мен орнымнан тұра алмадым, қаным тоқтап, өн бойымды тер басып кетті», — деп баяндайды. Ол Абылайдың тұтқынындағы Теміржанның бір бауырына айырбасталады. Ал Жаулыбай «құн төлеймін» деген уәдемен босайды. Оған тұтқындағы қырғыз үсен кепіл болады. Ол қой бағып жүріп, сәті түскенде қашып кетеді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі