Өлең, жыр, ақындар

Жалбыз туралы деректер

Жалбыз - ерінгүлділер тұқымдасына жататын, хош иісті, дəруменге бай, көпжылдық өсімдік. Оның сабағы тік келеді жəне биіктігі 80-100 см-ге дейін барады. Жалбыздың түсі көбінесе жасыл, күлгін түстес. Ол маусым жəне шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда оның 9-10 түрі кездеседі. Жəне Қазақстанның солтүстік қоңыржай жерлерінде, таулы аймақтарында кеңінен таралған.

Халық ЖАЛБЫЗды "жүз ауруға ем жалбыз"деп атаған. Расында-ақ, жалбыз ұйқысыздық, асқазан ауруына, суық тию, қан-қысымы жəне т. б көптеген ауруға ем. Жалбызды ежелгң медицина көзі деуге келеді. Яғни жалбыз арқылы қаншама ата-бабаларымызды, батырларымызды ауру-сырқаудан аман сақтап қалған. Бүгін жалбыздың сіз білмейтін 5 пайдасы туралы айтамыз.

1) Демікпе ауруына ем. Егер сізде демікпе ауруы болса, онда кептірілген жалбызбен, балды қосып қабылдаңыз. Сонда тыныс жолдары ашылып, демікпеден айығасыз.

2) Қан-қысымына ем. Егер сіз қан-қысымен күресіп жүрсеңіз, онда кептірілген жалбызбен, кептірілген адыраспанға ыстық су құйып, аяққа немесе бүкіл денеге ванна қабылдаңыз. Қан-қысымыңыз нормаға сай болып қана қоймай шаршауды да дереу басады.

3) Бас ауруына ем. Егер сіздіңбасыңыз жиі ауырса, онда жалбызға қайнаған су құйып, оны біраз тұндырыңыз. Жəне ұйықтар алдында ішіңіз. Басыңыздың жиі ауруы тоқтайды.

4) Мұрын қанауды басады. Егер сіздің мұрыныңыздың қанауы тоқтамаса, онда жалбыздың сығынды суының бірнеше тамшысын мұрыныңызға тамызыңыз. Мұрыныңыз қанауды бірден тоқтатады.

5) Буын ауруына ем. Егер сіздеартит (артроз) секілді ауру болса, ондажалбыздың кепкен түрін суға салып күніне 1 реттен шомылыңыз. Буын ауруы жаймен басыла бастайды.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер