Сіріңке қалай пайда болды?

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Тарих / Сіріңке қалай пайда болды?

Сіріңке қалай пайда болды? — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — сіріңке, фосфор, күкірт, күкірт қышқылы — осы тақырыптарға байланысты.

Сіріңке — екі ғасыр бұрын ғана адамзат тұрмысына етене араласа бастады. Ал оның шығу тарихы 1669 жылы химик Брандтың фосфорды ашу уақытынан бастау алады.

Ал 1680 жылы ирланд физигі Роберт Бойл (Бойль-Мариот заңымен аты шыққан) қағаз жолағын фосформен жауып оны күкірт басы бар ағаш сіріңкемен үйкеп отты тұтандырды, бірақ бұған еш мән бермеген еді.

1805 жылы француз химигі Жан Шансель күкірт, калий хлориді және қант қоспасынан жасалған басы бар сіріңкенің өз нұсқасын ұсынды.

Сіріңкені жағу үшін күкірт қышқылының бөтелкесі өзімен болу керек еді, бұл бірінші кезекте өте қауіпті екіншіден қолайсыз болды.

1826 жылы дәріханашы Джон Уокер үйкеліспен жанатын сіріңкені ойлап тапты. Ол күкірт, калий хлораты, қант пен сурьфид қоспасынан сіріңке басын жасап, оны егеуқұмға (наждак) үйкеу арқылы тұтандырды.

1830 жылы фрнцуз химигі Шарл Заурия (немес Сория) сулфидті ақ фосформен алмастырды. Мұндай сіріңкелер бір қимылмен тұтанып жақсы жанды, бірақ ақ фосфордың иісі өте жағымсыз болды. Сондай-ақ ақ фосфор өте улы еді. Бір ғана сіріңке қорабында ақ фосфордың адам өлтіретін дозасы бар еді.

Улы және жанғыш ақ фосфордың орнын алмастыру оңай болған жоқ. Алайда, мұны тек швед химигі Густав Эрик Паш жасай алды, ол 1844 жылы бір қарапайым нәрсені түсінді: егер күкірт пен фосфор механикалық байланыста болған кезде сіріңке тұтанса, сіріңкенің басына фосфор салудың қажеті жоқ жай ғана құмқағазды сәл пайдаланса болғаны.

Ал 1853 жылы швед химигі Йохан Лундстрем құмқағаздағы және сіріңке басындағы ақ фосфорды қызыл форформен алмастырды.

Мұндай сіріңке қауіпсіз болды және оңай тұтанды. Бүгінге дейін еш өзгерместен жеткен «швед сіріңкесін» Йохан Лундстрем патенттеп алды.

Оқуға кеңес береміз:

Сіріңке қалай жасалады?

Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Дидар

химик Брандқа рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіріңке қалай пайда болды? деген не?

Бұл бетте Сіріңке қалай пайда болды? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сіріңке қалай пайда болды? материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар сіріңке тақырыбындағы материалдар фосфор тақырыбындағы материалдар күкірт тақырыбындағы материалдар күкірт қышқылы тақырыбындағы материалдар швед сіріңкесі тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар