Өлең, жыр, ақындар

Тыналы болыс

Тыналы болысты Наурызбайдың баласы еді деседі екен. Оны Тіней Бесімбай айтады екен. Сүйін Жарқынның баласы Жүсіп деген төменгі Алтайда, заманындағы қариялар мұны Кенесарының баласы деседі екен. Қазақ ішінде осы сықылды ұсақ сөздер көп болады. Бұрынғылардың «ат биеден, алып анадан туады» деуі бекер емес-ті, қашан да болса жақсы бала жақсы ұрғашыдан туады.

Төменгі Алтай деседі. Әліке, байдалы деген екі рулы ел бар. Сол байдалыдан Аққошқар Сайдалы, Сүйін, Жарқын атанған байлар шыққан. Кеше Кенесарыға төлеңгіт болып, соның «ашса, аясында, жұмса, жұмырында» болған. Сол Сүйін, Жарқынның Жарқыны Кенесары қырғыздан қырғын тапқан жолы, қырғыз қолына тұтқындыққа түскенде: «Сүйін, жарқынның Жарқыны мен едім», — деген соң, мұны өлтірмей, «елін тапса мейлі, мұнда тұрып қалса да мейлі» — десіпті. «Жасымнан жолдас болдым, құтылдым ғой деген кісідей қайдан ел іздейін, тірі де тілеуім бір келген жолдас едік, өлсем молам бірге болса, болады» — деп қалыпты. Қалған өмірін қырғыз ішінде өткізген жан. Бұрынғылар осындай тату болады екен.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз