Сарттарды бірнеше рет Есенгелді, Саржан әм Ержан шауып, кемшілік келтіре берген соң, сарттар алдап Қасымға кісі жібереді. «Біз қарадық, балаларын жіберсін, сөйлесіп екі арамызды жалғастырып тұрайық», — деп. Қасым Есенгелді әм Ержанды жиырма кісімен жіберді. Бұлардың ішінде Ағыбай он тоғыз жаста, жүр демесе де, бірге жүрді. Сарттардың шақырған жеріне барғанда бұларды құрмет алып, сыйлай бастады. Сарттардың даяшы болып жүрген кісілерінің ішінде бір қазақ жүр, әрдайым келгенде Ағыбайдың екі көзі сонда, бұл жігітке Ағыбайда сөйлесейін десе, сарттардың көзінше сөйлесе алмайды.
Төртінші күн тамақты кеш бере бастады. Бір ретін тауып қазақ жігіт: «осының ішінде Ағыбай бар ма?» — дегенде, ишаратпен өзін көрсетті. Жігіт те ишаратпен: «бүгін өлтіреді», — деп айтты. Сонда Ағыбай: «Менің атым ана жүрген, оның қасында Қызылауыз, Боз екеуін дайында?» — дегенде, жігіт басын изеп «жарайды, мен де шұбыртпалымын», — деп жүре берді. Ағыбай төрелердің қасына келіп, ишаратпен өлтіретінін сездіреді. Кешкі тамақ келгенде төрелер жей алмады. Сонда Ағыбай табақтарды алдына алып: «өлсем — атауым, өлмесем — жол азығым» деп бәрінде жеп қойды. Табақтарын жиып алған соң, сарттар төрде отырған төрелерден біртіндеп шығарып алып, бауыздай бастады. Бесінші ретінде қазақ жігіті Ағыбайдың бетіне қарап, «дайын» дегендей ишаратпен көрсетті. Алтыншы ретінде қазақ жігіті есебін тауып шығарып жіберді. Ағыбай өз атына мініп, Қызылауыз атты жетектеп қашты, мұны сарттар білмей қалды. Неше күн-түн жүріп, Ағыбай түнде Қасымның ауылына келіп, қалайша Қасымға айтудың жөнін біле алмай тұрып, ақырында Қасымның үйіне сүйкенді. Сонда Қасым ояу жатып:
— Кім? — деп сұрағанда,
— Мен — Ағыбаймын, — деді. Қасым:
— Иә, амансыңдар ма? — дегенде,
— Аманбыз!
— Жарайды, бар да жата бер — деді.
Ағыбай не айтарын білмей, үйіне келіп жатты. Екінші сөз сұрамады Қасым. Таң қараңғысынан Ағыбайдың шешесі тұрып: «Тұр, Қасымдікі үйін жығып артып қойыпты». Көш жөнеліп Қасым алдында жалғыз жүрді, маңайына ешкімді жолатпай, үдіре көшіп, Шуға үш күнде келіп қонды.
Түн болған соң халықты алып: «далаға көп қылып әр жер- лерге баялыш, сексеуіл жағыңдар, түн болған сайын отты көбейтіңдер?» — деп айтты. Ертеңінде сарттар он кісі жіберді. «Бар сүйенгенім Есенгелді, Саржан әм Ержан еді. Оларды өлтірді, енді қалған Кенесары жас, мен сарттарды алдамаймын, мен қарыдым, маған басшы адамдарынан кісі жіберсін, далада көшіп жүрген жалаңаш, арық-аш елімін, көп қылып нәрсе, тамақ жіберсін, әгарда сенбесе, келіп байқасын?» — деп. Бұл хабарға сарттар көп тамақ, нәрселер артып, сауыт-саймандарымен келді жүз елу кісі мөлшеріндей.
Қасым кемпір-шалдар, жас баладар, кем-кетік және аз қолмен келген сарттарды жақсылап күтіп, Қасым айтты:
— Иә, сарттардың балалары, сіздерге қарадым, Есенгелді, Саржан әм Ержаннан айырылдым. Енді менде сендермен қаруласатын кісім жоқ, қолды (әскер) таратамын, мен өзім сендерге қарадым, әгарда бұл қолдар (әскерлер) менімен бірге қараймыз десе, өздері ықтиярлы. Қасым көп әскерін жақын жерге қойып, шамалы қолмен келген еді.
Сарттар қуанысып:
— Иә, үке, сіздерде Қасымменен қараңыздар, сартының балалары сіздерді күтеміз, ешкім тимейді. Сонда Қасым:
— Иә, әскерлер, сіздер де қарасаңыздар қайтеді? Әскерлердің бірсыпырасы көнген болды, қалғандары көнбеген болды. Мұның бәрі Қасымның қайла-қулығы «қалайша сарттарды бі- раз күнге сендіріп, үш кегімді аламын» деген. Ақырында әскер- дің бәрі көніп, сарттарды сендіріп, бәрі бірдей араласып жүрді.
Келген сарттардың басшысы бар еді. Сол Беклербегіне сүйінші сұрап, кісі жіберді: «Қасым шын ықыласымен бізге қарады!» — деп. Қасым жасырын өз әскеріне хабар қылып, алғызып қалған сарттарды көгендетіп қойып, өз қолымен бауыздап, сол күні қайта көшіп кетті. Сарттардан осы түрлі кегін алды. Қасым туғанда екі қолымен қан уыстап туған деседі.
Оқуға кеңес береміз:
Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі
Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі