Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық.
Сөздік қордың көбеюі және әдемі сөйлеу-өзіңе деген сенімділікті арттырады. Дұрыс сөйлей білу өмірдің барлық сферасына керек дағды. Көптеген спикерлердің айтуы бойынша, сөздік қоры көп адамдар жұмыс сатысына өзгелерден қарағанда жылдамырақ көтеріледі.
Күйбең тіршіліктен бір сәтке арылып,кітап әлеміне кіріп тыныға аласыз. Зерттеулер бойынша, кітап оқу стресс деңгейін 68% төмендетеді екен. Ал бұл миға бақыт гормондарын сыйлайтын нәтижелі процесс.
Кітап әлеміне кірген адам, сол жердегі кейіпкерлердің сезімін, ой-толғауын сезіп, байқайды. Ал бұл дағды өмірде адамдармен жақсы тіл табысуға септігін тигізеді.
Оқып жатқан шығармаңыздың мәнін түсіну үшін кейіпкерледің есімін, мінез-құлқын, олардың мақсатын анық біліп алуыңыз керек. Ал осы мәлімттерді қабылдау миға қызықты практика. Бір қызығы, әрбір есте сақталған ақпарат нейрондық жүйенің жұмыс күшін арттырып, көңіл-күйді бірқалыптандырады екен.
Күнделікті кітап оқу жаңа ақпаратты әкеледі. Ал күн сайын жаңа нәрсе біліп отыру өзіндік пікіріңізді қалыптастырады, әлемге деген көзқарасыңызды өзгертеді және ойлау деңгейіңізді шыңдай түседі.
Елестетіп көріңіз: өзіңізге ұнайтын кітапты оқу барысында, миыңыз жаңа идеялармен толығып жатыр. Керемет сезім. Кейбір суретшілер, мүсіншілер, хореографтар әдеби шығармаларды оқып шабыттанған. Сол секілді, сізге де жаңа идеялардың жиынтығы артық етпейді.
Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады
«Вавилондағы ең бай адам» кітабы
Бай болу үшін оқылуы тиіс 10 кітап
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі