Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтаған. Пайдасы мол құрманың адам баласымен нендей ұқсастығы барын да біле отырыңыз.
1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.
2. Адам секілді құрма ағашының жемісті көп беретін кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.
3. Құрма ағаштары да адам секілді аталық-аналық болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді аталығыныңжапырағы тік және қысқа болса, аналық құрманың жапырағыұзын және төмен қарай жайылып өседі.
4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Аталығыныңұрығын алып, аналығынасалып, қолдан ұрықтандырылады.
5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол аналыққұрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.
6. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жумрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады.
7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер
Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі