Бүгінгі таңдағы өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға негіз болған азаттық бізге аспаннан түсе қалған жоқ. Ол дербес ел болу жолындағы күресте «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыздың қанымен, терімен келді. Сондықтан кемелдену жолында өткен тарихымызда таным білуге деген құлшыныс өте жоғары болуы керек. Ол тарихи жолдар, сол тарих қойнауларының төрінде өздерінің ақыл – ойлармен, ел үшін жасаған қимыл – әрекеттерімен танылған тарихи тұлғалар біздерге үлгі – өнеге тәрбиенің – темірқазығы. Қазақ жұртының осы тұрғыдағы жарық жұлдыздай дара тұлғаларының бірі – Нәзір Төреқұлов. Ол туралы әр кезеңдерде газет - журнал беттерінде жарияланған мақалалардан ең алдымен білетініміз: ол – дипломат, саясаткер, кемеңгер азамат. Қазақта «елдестірмек – елшіден» деп бекер айтыдмаған. Ел мен елді елдестіруде халық арасында елшілер ежелден ерекше тұлға ретінде бағаланған. Осындай үлкен жауапкершілікті қажет ететін мәртебелі қызметті атқару құрметіне ие болған алғашқы кеңес өкіметі дипломаттарының өкілетті өкілдерінің бірі болып Н. Төреқұлов танылған еді. Ол кездерде кеңес өкіметіатынан 32 шет мемлекетте ғана елшілік өкілдіктің жұмысы жүргізілсе, ондай жауапты қызметке қабілеті жоғары ерекше тұлғалар ғана жіберілді екен. Сондай тұлғалардың қатарынан Н.Төреқұлов ерекше тұлғаланып көрінеді. Ресей саясаткерлерінің бірі Е.М.Примаковтың ол туралы: «Н.Төреқұлов батыл ойлы, өте еңбекқор адам болған. Европа елдерінен келген дипломаттардың тілін тапқан шеберлігі қайран қалдырады. Ең ауыр тапсырманың өзін орындауға дайын тұруы, туындайтын мәселені мемлекеттік тұрғыдан шешуге ұмтылуы Н.Төреқұловтың «алғашқы толқыны» дипломаттарының арасындағы жарқын тұлғаның бірден бір бірегейі» деуі көп нәрсені ұқтырады.
Н.Төреқұлов 1913 жылы Қоқандағы коммерциалы училищені бітіріп, мәскеуді коммерциялық институтта оқуына жалғастырады. Сонымен қатар ерекше қабілетпен талап – ізденісінің нәтижесінде орыс, түрік, франсуз, неміс тілінде сөйлей алатын дәрежеге жетеді. Осындай қабілеттілігінің арқасында 1922-1928 жылдар аралығында КСРО Орталық Атқару Комитеті жағындағы орталық баспаның төрағасы сияқты көптеген жауапты қызметтерде болып, басшылық жасайды. 20-30 жылдарда большевиктік өкіметі тұсында осындай биік дәрежеге жетіп, лауазымды қызметтер атқарғаны біздер үшін мақтаныш. Оның қазақ, орыс тілінде қоғамдық – саяси, мәдени тақырыптарда жазылған мақалаларында елдің өзекті мәселелеріне көкірегі ояу азамат ретінде өз үнін қосып отырған. С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар» жинағына сын жазып, заман талабы тұрғысынан талдап, өз көзқарасын білдірген. Олай болса, Н.Төреқұлов тек дипломат қана емес, тілші, ғалым, ағартушы, редактор ретінде танылып, көп іс тындырған. Газет – журнал шығарып, бұқаралық мәдени – ағарту істерімен де айналысады. Өз қолымен толтырылған анкеталарының бірінде мамандығын «журналист» деп көрсеткен. Тағы бір айтарлық жәйт – Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінде жүргенде мұсылманның қасиетті мейрамы Құрбан айтқа байланысты үш күн демалыс беру жөнінде жарлыққа қол қояды. Демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстырады. Большевиктік саясат тұсындағы бұл ісін батылдық пен батырлық деп тануға болады. Халық мүддесі мен игілігі үшін жасалған ерлікке пара – пар іс болатын.
1928-1936 жылдар аралығындағы араб еліндегі ел мен елді жақындастыру мақсатында жүргізілген қызметі өмірінде ерекше із қалдырды. Жан – жақты талант пен кәсіби біліктілігінің арқасында дипломатиялық деңгейде биік беделге ие болып, даңдайсыған француз, ағылшын, итальян елшілерін мойындатып, ағаман болып сайланады.
Міне, елі игілігі үшін осындай сан қырлы жұмыстарды жауапкершілікпен атқара білген Н.Төреқұловтың солақай саясаттың кесірінен «халық жауы» ретінде жазықсыз жаланың құрбаны болуы өте аянышты әрине. Тәуелсіздікке қол жеткен еліміз Н.Төреқұловтай біртуар азаматты «қайта тірілтіп», есімін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа оның өмір жолын үлгі етіп келеді.
Мәншүк ТАХАН, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі