Ауызашар кезіндегі дұға

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Ауызашар кезіндегі дұға

Ауызашар кезіндегі дұға — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — Ауыз ашу, Ауызашар, Дұға, ораза — осы тақырыптарға байланысты.

Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?

Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақытында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажә)

«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды» (Тирмизи)

Мысалы мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып,

«Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады.

«Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң

«Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды.

Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.

Оразада ауызды немен ашу керек?

Сүннет болғаны құрма, су немесе сүтпен ашу керек. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Хадис шәрифте: «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.»- делінген. (Ибн Мажә)

Осы тақырыпта тағы да үш хадис шәриф:

«Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)

«Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)

«Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)

Дереккөз: islamdini.kz

Оқуға кеңес береміз:

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Али

Уахх, бұл ауызашар дұғасы туралы мақала өте пайдалы екен! Ораза кезінде ауыз ашар сәтіндегі дұғалар мен сүннетті тәсілдер туралы осындай нақты әрі түсінікті жазғандарыңыз жүрекке бір жылылық сыйлады. Мақалада ауыз ашар алдында дұға ету және қайырлы тілек айту, құрма немесе сумен бастап ауыз ашу сүннет екенін оқып көңілім мәз болды. Әсіресе Пайғамбар ﷺ-тың ауыз ашу әдебі мен дұғалар мысалдары жүрекке жақын, адамды рухани жағынан байытады ғой. Ораза ұстаған сайын дұға мен ниетті дұрыс қылып, шынайы ниетпен орындарым бар деп ойланасың. Әркім де осындай дұғаларды білуі керек секілді, өзім тіпті достарыма да бөліскім келді!

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ауызашар кезіндегі дұға материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа мақалалар Ауыз ашу тақырыбындағы мақалалар Ауызашар тақырыбындағы мақалалар Дұға тақырыбындағы мақалалар ораза тақырыбындағы мақалалар Ораза айы тақырыбындағы мақалалар Рамазан тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауызашар кезіндегі дұға деген не?

Бұл бетте Ауызашар кезіндегі дұға тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.