Ораза, ауыз бекіту дұғасы, оразаға ниет — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.
Материал — ораза, ауыз ашар, ауыз ашар дұғасы, Ауыз ашарда — осы тақырыптарға байланысты.
Йа Раббым, Рамазан айының шапағатын бізге нәсіп ет! Рамазан шәрифте кешірім мен мағфирет етіп тозақтан азат еткен құлдарыңның арасында біздің де болуымызды нәсіп ет!
Оразаның үш парызы бар:
1- Ниет ету.
2- Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3- Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Бір күн бұрынғы «ақшам» уақытынан, яғни күн батқаннан ертеңіне ораза күнінің «дахуа» (бесіннен бір сағаттай бұрын) уақытына дейін Рамазан оразасына жүрекпен ниет ету парыз.
Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. («Имсак» – ауыз бекіту уақыты) Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады.
Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен басталған ораза сахих болмайды.
Назар аудар: Ауызашар кезіндегі дұға
Дереккөз: islamdini.kz
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер
Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?
Бұл бетте Ораза, ауыз бекіту дұғасы, оразаға ниет тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ораза, ауыз бекіту дұғасы, оразаға ниет материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Сайран
Уаахх, бұл оразаға ниет ету мен ауыз бекіту дұғасы туралы мақала шынайы өте пайдалы екен ғой❤️ ! Ораза ұстағанда ниетті дұрыс қылып, ауыз бекіту дұғасын шынайы жүрекпен айту шынымен маңызды. Әсіресе парз уақыттар, ниет уақыттары, алғашқы және соңғы сәттер туралы нақты жазылғаны оқығанда түсіндіруге жеңіл болды. ✨ Оразаның парыздарын білмей жүретіндерге дәл осындай материалдар көп көмектеседі ғой. Өзім оқып отырып дұға мен ниетті толықтай түсінгендей болдым . ❤️❤️❤️