Өлең, жыр, ақындар

YAMUN-2024 - саналы ұрпақ негізі

Жастардың жаһандық мәселеге қызығушылығын оята отыра, тұлғалық дағдыларды қалыптастыратын «YAMUN» облыстық конференциясы биыл Ыбырай Алтынсаринның білім ордасында бесінші рет өткізілді. 2020 жылдан бастау алған бұл конференция БҰҰ-ның оқушылар арасындағы моделі болып табылады. Ең алғаш рет бұл конференцияны 2020 жылы мектеп түлектері Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ-дың 135 жылдығына орай өткізсе, көзді ашып-жұмғанша биыл «YAMUN-2024» мектептің 140 жылдық мерейтойына арналды. 

Қостанайдың әр бұрышынан 120-дан астам қатысушы тіркеліп, өзінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік алды. 8 комитет те қазіргі уақыт ағымында өзекті тақырыптарға бағытталды және 3 тілде өтті. Атап айтқанда, «Әйел құқығы комитеті», «Адам құқығы комитеті», «Комиссия по разоружению», «Экономический и социальный совет», «Совет по социальным, гуманитарным вопросам и вопросам культуры», «Economical and Social Committee», «The Social Humanitarian and Cultural Committee», «The UNEP». Барлық үдерісті қадағалап, бағыт-бағдар берген жетекші – Гульбану Абдразаковна. Оның қолдауымен оқушылар конференцияны жылданжылға мұра етіп, жоғары деңгейде өткізуде. Одан бөлек «Достық» білім беру орталығы және «Grand Lux» тілдер орталығы бірнеше жылдар қатарынан «YAMUN» конференциясының сенімді демеушіері. 

Аталмыш конференциясының мақсаты мен міндеті оқушыларды ғаламдық мәселелерге назар аударуына негізделген. Әр оқушы өзін бір елдің делегаты ретінде танытып, ресми түрде дипломаттық қарым-қатынас жасай отыра, жаһандық мәселелерді шешу жолын ұсынады. Қатысушылардың көбшіліклік алдында еркін ұстауы, ораторлық қабілеттерін дамытуы, жауапкершілік және сыни көзқарасты қалыптастыру – конференцияның басты мақсаттарының бірі. 

Осындай деңгейдегі конференцияның өтуі – мәртебе. Жылдан жылға дәстүрге айналған «YAMUN» конференциясы кең көлемде дамуда. Болашақ жастардың қолында демекші, қазірден бастап жалынды жастарды қалыптастыру – басты мақсат.

Искакова Азиза Қостанай қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз