Күтпеген жерден Қойсары батыр ауылының жылқыларын бөтен бір елдің барымташылары қапысын тауып қуып кетеді. Сол жылқыны қайтарыңдар деген батырдың ауызекі өтініші орындалмайды. Бұл әрекетінен ештеңе шықпайды. Сол үшін батыр барымтаға қарымтаны қарсы қоюға бел буып, қасына Таңқыбай мен Тайлақты ертіп, жылқысын ұрлаған ауылға тал түсте барады. Келе сала желідегі құлындарды босатады. Сөйтіп, жылқыларды қиқулап қуа жөнеледі. Бұлардың соңынан отыз-қырық шамалас атқа мінген қуғыншылар да жақындап қалады. Жүйрік атқа мінген бір жас жігіт Қойсарыны қуып жетіп, батырды найзасымен шанышпақшы болады. Батыр әлгі жастың найзасын қағып жерге ұшырып жібереді де, найзаның ұшымен оның көйлегінен іліп алып жерге түсіреді. «Әй, сен жас бала екенсің, босқа өліп кетерсің, қоя ғой қарсыласуды», — дейді. Бірақ әлгі жігіт өзінің қарсыласын өлтірмей қоймайтынын айтып, атына міне сала қайта ұмтылады. Бұл жолы да жаңағы жағдай қайталанады. Ал үшінші рет ұмтылғанда, Қойсары оны найзамен шаншып өлтіреді. Қалған қуғыншылар батырға қарсы келуге бата алмайды. Бірақ олар Таңқыбай мен Тайлақты байлап алып кетеді.
Қаруластарын құтқару үшін Қойсары батыр барымташылар ауылының басшысы, билік айтатын байдың үйіне бір өзі барып қолға түскен екі бауырласын босатуын, олардың орнына өзінің қолын кісендеуін өтінеді. Бірақта ол қол-аяғына салған кісендерді бұрап-бұрап үзіп тастайды. «Маған мұнан гөрі, мықтырақ кісен салыңдар депті», — батыр. Ондай кісен ауылда жоқ екен. Ал батырды өлтіруге ешқайсысының батылы бармапты.
Өлген жігіт осы байдың тоқалынан туған жалғыз ұл екен. Тоқал баласын жоқтап былай деген көрінеді:
— Қойсары болсын төсегің,
Тайлақ болсын көсеуің.
Зар жылатып біздерді,
Бір Алла берсін есебін.
Ақыр соңында барымтаны жанжалсыз шешуге келіскен екі жақтың шешімімен Қойсары баласын өлтірген байға өкіл бала болады. Сөйтіп, байды басқа барымташылар мен жауларынан қорғап жүреді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі