Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда білім беру жүйесінде дінтануды оқыту мәселелері

Әшім Жанерке
Абай ат.ҚазҰПУ
Тарих-дінтану 2 курс магистратура
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған»

Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы ел, түрлі этностар мен конфессия өкілдері тұрады. Негізгі діни ағымдар – ислам және православиелік христиандық. Еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің зайырлылығы мен діни сенім бостандығы бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның 1-бабында Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің діни сенім бостандығына кепілдік береді, бұл азаматтардың кез келген дінді ұстану немесе ешбір дінді ұстанбау құқығын білдіреді. Демек, мектептерде дінді насихаттауға болмайды, ал діни пәндерді оқыту бейтарап болып, сендіруге емес, ағартушылыққа бағытталуы керек. Бұл ретте студенттердің әлемдік діндер, олардың тарихы мен қоғамдағы рөлі туралы түсініктерін дамыту мақсатында білім беру бағдарламаларына дінтану пәні енгізілген. Мектептердегі дінтанудың басты міндеттерінің бірі – қандай да бір дінді насихаттау емес, діни дәстүрлердің сан алуандығын, олардың мәдениет пен қоғамға әсерін түсінуге үйрету.

Ел халқының көпұлтты және көпконфессиялы құрамын ескере отырып, Қазақстанның білім беру жүйесінде дінтану пәнін оқыту өзекті мәселе болып табылады. Бұл пән толеранттылықты, әртүрлі діни және мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауды насихаттауда, сондай-ақ діни экстремизмге қарсы тұруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, дінтану пәнін жүзеге асыру мен оқытуда бірқатар қиындықтар туындауда.

Қазақстанда дінтану пәнін оқыту зайырлы білімге зиянын тигізуі мүмкін деген пікір бар. Қазақ қоғамының дінтану пәнін оқытуға деген көзқарасы екітүрлі. Көптеген ата-аналар мен қоғам қайраткерлері мәдени және діни толеранттылықты тәрбиелеу тәсілі ретінде дін негіздерін оқыту идеясын қолдайды. Мектептерде дінтану пәнінің оқыту білім берудің зайырлы сипатын бұзып, дінді насихаттауға жағдай туғызуы мүмкін деген пікірді қолдайтын адамдарда бар.

2007 жылғы «Білім туралы» Заң Қазақстанның білім беру жүйесін реттеп, зайырлы білім беру принциптерін бекітеді. Бұл заңға сәйкес мемлекеттік мектептердегі білім дінге қатысты бейтараптық пен объективтілік қағидаттарына негізделуі тиіс. Дінтану пәні барлық мектептерде міндетті емес, оны тарих, қоғамтану курстарының бөлігі ретінде немесе орта мектепте жеке пән ретінде оқытуға болады. Қазіргі таңда көп мектептерде дінтану пәнін оқыту алынып тасталған. Бұл білім алушылардың діни сауатты болып шығуына кедергісін келтіреді. Қазақстанда діни экстремизм мен жастардың радикалдануына қарсы күресте дінтану да маңызды рөл атқарады. Діни білім беруді оқу бағдарламаларына енгізу сыни ойлауды дамытуға, радикалды идеялардың таралуына жол бермеуге және жастардың экстремизмге байланысты қауіп-қатер туралы түсініктерін дамытуға көмектеседі.

Екінші негізгі мәселелердің бірі – дінтану пәнін оқытатын мұғалімдердің болмауы. Дінтану пәнін сапалы оқыту мұғалімдерден діни дәстүрлер мен олардың тарихи жағдайларын терең білуді талап етеді. Алайда Қазақстанда дінтану немесе теология саласында арнайы білімі бар мамандар жеткіліксіз. Көбіне дінтану пәнін оқытатын мұғалімдер тарих пәні мұғалімі. Тарих пәні мұғалімдерінің көбінесе дінтану немесе теология саласында арнайы білімі жоқ  болғандықтан білім беру дұрыс жүргізілмейді. Осы себептіде кейбір мектепте білім алу тек қана ислам діні аясында шектеліп жатады. Бұл белгілі бір діни ағымдарға қатысты бұрмалануға немесе бұрмалауға әкелуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін дінтану пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу қажет.

Бұл мәселелерді шешу үшін кешенді мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, білікті кадрлар даярлау, сапалы оқу-әдістемелік құралдар жасау және осы мәселелерді талқылауға қоғамдық ұйымдарды тарту қажет. Сонымен қатар басқа шетелдік елдердің дінтану пәнін оқыту тәжірбиесін зерттеп, пәнді дұрыс шетелдік тәжірбиеде оқыту қажет.

Әшім Жанерке


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз