Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «7М01601-Тарих» мамандығының
2 курс магистранты Сагатова Арайлым Айдарбековна
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауым. профессор Кумганбаев Ж.Ж.
Анаға тағзым!
Анаға тағзым – бұл әрбір адамның жүрегінде терең із қалдыратын, мәңгілік құрмет пен махаббаттың белгісі. Ана – өмірдің бастауы, ұрпақтың ұйытқысы. Оның шексіз қамқорлығы бізге мәңгілік сабақ береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінде 23 қараша күні «Анаға тағзым» атты іс-шара өткізілді. Шараның басты мақсаты факультетіміздің 1976 жылғы түлегі Кабжанова Тұраш Кабжанқызын еске ала отырып, 6В02205-Тарих білім беру бағдарламасының студенттері арасында атаулы шәкіртақы беру. Бұл байқау білім мен ғылыми жетістігі бар, қоғамдық белсенді студенттерге қолдау көрсетіп, олардың оқу жетістіктерін ынталандыруға бағытталған.
Арнайы құрылған комиссия байқау қатысушыларына қойылатын талаптар бойынша үздік деген 10 студентке жалпы көлемі 1,5 млн теңге болатын шәкіртақыны табыстады. Байқау нәтижесі бойынша 6В02205-Тарих білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері Жахангер Дарын, Шымырбай Сағи, Бауыржан Заңғар, Ноян Даулет, Асан Ербол, Марал Әділет, Құрманғалиев Бекарыс, Ескендір Мади, Данияров Асхат, Махмутова Арай арнайы сертификаттармен марапатталып, шәкіртақы иегерлері атанды.
Шәкіртақы тағайындаушы Тұраш Қабжанқызының ұлы Нұрлан Сағындықұлы Акшанов, қазіргі таңда «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Нұрлан Сағындықұлы анасының туған күніне орай атаулы шәкіртақы тағайындап, анасына деген құрметі мен махаббатының тереңдігін көрсетті. Осындай игі іс арқылы студенттерді білімге деген ұмтылыс пен талпынысқа ынталандырып, жастарға қолдау көрсетіп, оларды болашақта жақсы адам болып қалыптасуға үлес қосып жатыр. Ұрпақ анасының ұлылығын мәңгілікке ұлықтайды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі