Тіл-әрбір ұлттың жаны,баға жетпес қазынасы.Тілсіз ұлт болмайды. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық сананың тірегі. Бүгінде қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ халқы да өз ана тілін ғасырлар бойы сақтап, дамыту жолында түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Қазақтың даласы кең. Тілі де бай.Туған тіліміздің мәртебесін көтеру үшін аянбай тер төгу-біздің парызымыз. Тілдің болашағы – оны қолданатын ұрпақтың қолында. Өз ұлтымыздың ұлттық қасиеттерін бойымызға сіңіру үшін ең әуелі қазақ тілін жетік меңгеруге міндетті. Әрбір азамат ана тілінің қадірін түсініп, оны дамытуға өз үлесін қосуы қажет. Өзіміздің ана тілімізді бәрінен де жоғары қоюымыз қажет. Себебі,тіл жоғалса-ұлтта жоғалады. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы – елдегі тіл саясатын айқындайтын негізгі құқықтық құжат. 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған бұл заңның басты мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту, оның қоғамның барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және басқа этностардың тілдерін дамытуға жағдай жасау.
Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты көрсетілген. Бұл қазақ тілінің елдегі негізгі тіл екенін және оның барлық мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі, білім беру мен мәдениет салаларында басымдыққа ие болуын міндеттейді.
Алайда, заңда мемлекеттік тілдің мәртебесі анық көрсетілгенімен, оның іс жүзінде толыққанды орындалуы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көп жағдайда мемлекеттік тілге деген көзқарас заңмен белгіленген талаптарға сай келмейді. Қарапайым тұрмыстық жағдайдан бастап, ресми құжат айналымына дейін қазақ тілінің қолданылуы шектеулі. Кейде еліміздегі негізгі тіл қазақ тілі емес, орыс тілі ме деген ойға келесің.Мемлекеттік тіл әлі де өз мәртебесіне лайықты орнын ала алмай келеді. Қазақ тілінің дәрежесін көтеру, қоғамды еш қиналмай мемлекеттік тілде сөйлету-қазіргі таңда ең өзекті мәселердің бірі.
Сонымен қатар, заңдардың бастапқы нұсқасы алдымен орыс тілінде дайындалып, кейін қазақша аударылатын жағдайлар да кездеседі. Бұл мемлекеттік тілдегі құқықтық құжаттардың сапасына әсер ететінін мойындауымыз керек. Түпнұсқасы орысша жазылған заңдардың қазақша аудармасында мағынасы бұзылып, түсініксіз сөйлемдер пайда болатын жағдайлар аз емес.
Заң бойынша, барлық мемлекеттік органдар өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуі тиіс. Дегенмен, іс жүзінде көптеген мекемелерде ресми құжаттардың басым бөлігі орыс тілінде жасалады. Бұл қазақ тілінің шынайы мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін толық атқара алмауына әкелуде. Конституцияның 7-бабының 2-тармағында «Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Бұл мемлекеттік органдарда қазақ тілін толық енгізуге кедергі келтіреді.
Қазақ тілінің білім беру жүйесіндегі рөлі жыл сайын артып келеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын топтардың саны көбейіп, қазақ тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылып жатыр. Сондай-ақ, шетелден келген қандастарымызға мемлекеттік тілді үйретуге арналған арнайы курстар мен бағдарламалар әзірленуде. Дегенмен, көптеген жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстар мен диссертациялар орыс тілінде жазылады. Бұл білім беру саласында қазақ тілінің әлі де толыққанды ғылым тіліне айналмағанын көрсетеді.Қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі артып келеді. Заң бойынша телерадио хабарларының кемінде 50%-ы қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Бірақ іс жүзінде көптеген ірі ақпараттық платформалар мен әлеуметтік желілердегі контент негізінен орыс тілінде таралуда.
Қызмет көрсету саласына келетін болсақ, қазақ тілінде сапалы қызмет алу әлі де қиын. Кейбір мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде қазақ тіліндегі қызмет көрсету сапасы төмен немесе мүлде жоқ. Бұл азаматтардың өз ана тілінде қызмет алу құқығының шектелуіне алып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары-мемлекеттік тіліміздің дамуына едәуір әсерін тигізе алады.БАҚ-жаңа идеялар мен көзқарастарды таратудың күшті құралы. Сондықтан ақпарат құралдары мемлекеттік тілді қолдану ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет. Кейбір телеарналар қазақ тілді бағдарламаларға мән бермейді. Осындай дүниелердің барлығы қазақ тіліміздің дамуына өзіндік зияндарын тигізіп жатыр.
“Ит үреді, керуен көшеді” деп қол қусырып отыра бермей, өз еліміздегі қиындықтарды өзіміз шешуге тиіспіз. Тіл мәселелері оп-оңай шешіле салмайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін заңнамалық және қоғамдық деңгейде мынадай шараларды қолға алу қажет:
•Заңнаманы күшейту – мемлекеттік тілді міндетті түрде қолдануды талап ететін нормаларды нақтылау және оларды орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту.
•. Мемлекеттік қызметке қабылданатын азаматтар үшін қазақ тілін жетік білу міндетті талап болуы тиіс.
•. Телерадио және интернеттегі қазақ тіліндегі контент үлесін арттырып, мемлекеттік тапсырыстар арқылы сапалы бағдарламалар жасау қажет.
• Мемлекеттік сайттар мен электрондық қызметтер қазақ тілінде толыққанды жұмыс істеуі тиіс.
•Қазақ тілін оқыту жүйесін жетілдіру – тіл үйретудің заманауи әдістерін енгізіп, қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын нақты стандарттарды қалыптастыру.
•Қоғамдық бақылауды арттыру – мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындарда қазақ тілінің қолданылуын қадағалау, халықтың тілдік құқықтарын қорғау шараларын күшейту.
•Ынталандыру жүйесін жасау – қазақ тілін меңгерген азаматтар мен мекемелерді марапаттау, қазақ тілді контент жасаушыларға қолдау көрсету.
•. Тілдік ахуалды жақсартудың маңызды буыны – балабақша, мектеп. Тәрбие, білім ошақтары қазақша сөйлемей, қоғам, бүкіл халық қазақша сөйлемейді. Ертеңгі күні қоғам тұтқасы – қазіргі бүлдіршіндер тәрбиесі, олардың туған тілі мен еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ерекше мән берген жөн.
Қорытынды шығара келе, Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Сөзі жоғалған жұрттың,өзі жоғалады» деп дәл тауып айтқан ағартушымыз Ахмет Байтұрсынұлы.Ұлттығымызды сақтау үшін мемлекеттік тіліміздің дәрежесін көтеріп,абыройын асқақтата алуымыз қажет. Өз тілімізде сөйлеуге ұялмай, керісінше,өз тілімізде еркін сайрап тұрсақ нұр үстіне нұр болар еді. Өзгелер қызығарлықтай,,үлгі өнеге аларлықтай ел неге болмасқа? Қазақ тілінің шын мәнінде қоғамның барлық саласында лайықты орын алуы үшін тек заң қабылдау жеткіліксіз. Оның орындалуын қадағалап, нақты нәтижелерге жетуіміз қажет. Қазақ тілін дамыту жолындағы әрбір қадам – ел болашағына жасалған инвестиция.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) https://search.app/Lb1KXsE1FRkc2Fw5A
2) https://search.app/YtSTNBevYJdWDfBM7
3) https://search.app/po1RrCp2jAzNpdva7
Сапарбекқызы Жақсыгүл ,Тамабай Жаңылша
Журналистика факультетінің 3-курс студенттері
Жетекші:ф.ғ.к., доцент Жақсылықбаева Римма
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі