Өлең, жыр, ақындар

Көп тіл білу — заман талабы ма?

Қазіргі таңда көп тіл білу — уақыт талабы. Қанша тілді меңгерсең, өзіңе де, еліңе де пайдасы зор. Жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктеріңді кеңейтіп қана қоймай, әлемдік деңгейде білім алып, мансап жасауға жол ашылады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі — жаңа Қазақстан” атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұл — қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» — деп атап өтті.

Мемлекетіміз “Үш тұғырлы тіл” саясатын осы мақсатта қолға алғаны белгілі. Бұл саясат жастарды көп тілді болуға, заманауи әлемге бейімделуге баулиды. Себебі қазіргі заман — ақпараттық технология мен ғылымның қарқынды дамыған дәуірі. Жаңа технологиялардың басым көпшілігі ағылшын тілінде жасалып жатыр. Мысалы, ІТ саласындағы терминдердің басым бөлігі — ағылшын тілінде. Сондықтан, 2025 жылдан бастап технологияны толық меңгеру үшін кем дегенде бір шетел тілін білу аса маңызды болады.

Әрбір тілдің өз ерекшелігі, өзіндік мәдениеті мен орны бар. Көп тіл білу адамның ой-өрісін кеңейтіп, түрлі мәдениеттерді түсінуге мүмкіндік береді.

Халық ақыны Қадыр Мырзалиев: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деп, ана тіліміздің де маңызын ұмытпауға шақырған. Шетел тілдерін меңгеру маңызды, алайда ол өз ана тілімізге деген сүйіспеншілігімізге көлеңке түсірмеуі керек.

Көп тіл білу өзіңе және еліңе жақсы. Себебі қазіргі заманның талабы тілді жетік меңгеру. Көп тілді біліп өзіміздің ана тілімізді ұмытып кетпеу керекпіз. Қанша маңдай тер мен қан төгілген жер де ана тілімізде сөйлеп “Қазақша “ тілді  дәріптеу керекпіз.

 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Таджибой Әсел


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз