Әрбір жас түлек 11 сыныпты бітіріп, жаңа өмірге қадам басарда арманданындағы оқу орны болады. Менің арманым – еліміздегі ең беделді, тарихы терең жоғары оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) білім алу. Бұл университет – білім мен ғылымның ордасы, еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының көшбасшысы. ҚазҰУ – 1934 жылы құрылған, тарихы терең, түлектері мықты, профессорлық-оқытушылық құрамы өте сапалы университет. Ол тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда үздік университеттердің бірі. “QS Asia Unversity Rankings 2023: Орталық Азия” рейтінгісінде бірінші, “Qs World University Rankings 2024” рейтингіде 163 орын алған оқу орны.Бұл – халықаралық деңгейдегі бедел мен сапалы білімнің дәлелі. Университетте 16 факультет, 67 мамандық бойынша білім беріледі, қазір 28000-нан астам студент білім алады. Олардың арасында шетелдік студенттер де бар.
Мұхтар Әуезовтың табаны тиген университет көпке арман емес пе? Мен бұл университетті бірнеше себеппен таңдап отырмын. Біріншіден, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті – еліміздегі ең үздік шығармашылық бағыттағы факультеттердің бірі. Мұнда теориямен қатар тәжірибе қатар жүреді. Екіншіден, заманауи студиялар, телерадио орталықтар, медиа зертханалар студенттердің толыққанды білім алуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, ҚазҰУ түлектерінің көпшілігі – қоғамда өз орнын тапқан, танымал тұлғалар. Мысал ретінде, Дана Нұржігіт, Бейсен Құранбек, Ләйлә Сұлтанқызы, Нартай Аралбайұлы сынды медиа саласының көшбасшылары дәл осы университеттің журналистика факультетінде білім алған. Бұл мені шабыттандырады және солардың жолын жалғастыруға ынталандырады.Бұл – менің жүрек қалауым, арманым, мақсатым. ҚазҰУ – тек білім ордасы емес, тұлға қалыптастыратын мекен. Қорыта айтқанда, ҚазҰУ – менің арманымның биік баспалдағы. Бұл университетте білім алу – болашаққа нық қадам басу, өз ісінің маманы болуға жол ашу. Мен осы арманыма жету үшін аянбай еңбектенемін.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі