Қазіргі таңда әлем бойынша ең танымал спорт түрі — футбол. Бұл ойын миллиондаған адамдарды біріктіріп қана қоймай, мәдениетке, экономикаға және қоғамның әлеуметтік өміріне айтарлықтай ықпал етіп отыр. Футболдың әлемдік деңгейдегі танымалдығын нақты статистикалық деректер де дәлелдейді.
Футболдың әлемдік ауқымы
Бүгінде әлем халқы 8 миллиардтан асады, ал соның 4 миллиардтан астамы футбол жанкүйері екені түрлі халықаралық зерттеулерде көрсетіледі. FIFA деректеріне сәйкес, әлем бойынша 250 миллионнан астам адамфутболмен тұрақты түрде айналысады. Футболдың басты мерекесі саналатын FIFA World Cup матчтарын бір турнир барысында шамамен 1,5 миллиардқа жуық көрермен тамашалайды. Бұл көрсеткіш футболдың жаһандық ықпалын айқын көрсетеді.
Экономикалық маңызы
Футбол тек спорт емес, ірі экономикалық индустрияға айналған сала. Сарапшылардың бағалауынша, футбол индустриясының жылдық табысы 500 миллиард АҚШ долларынан асады. Ал әлемдегі ең табысты футбол клубтары жылына 700–900 миллион доллар көлемінде табыс табады. Мұндай клубтардың қатарына «Реал Мадрид», «Барселона», ПСЖ сияқты алпауыт командалар жатады.
Танымал спортшылар
Футболшылардың әлемдік деңгейдегі беделі де бұл спорттың кең таралуына ықпал етеді. Әлемдегі ең танымал 10 спортшының жартысынан көбі — футболшылар. Олардың қатарында Лионель Месси, Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем сияқты жұлдызды ойыншылар бар. Футбол — жанкүйерлер саны, географиялық таралуы және экономикалық әлеуеті бойынша әлемдегі ең танымал спорт түрі. Ол адамдарды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Осы себепті футбол болашақта да өз жетекші орнын сақтайтыны сөзсіз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы — Ғалымжан Қаныбек
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі