Сіз соңғы рет қашан шкафыңызды реттеп, екі жыл бойы киілмеген киімдерді көрдіңіз? Немесе жұмыс үстеліңіздегі ескі қағаздар мен керек емес ұсақ-түйектерден қашан арылдыңыз? Егер үйіңізде зат көп болғанымен, «киетін киім жоқ» немесе «үйде демала алмаймын» деген сезім туса, сізге минимализм идеясымен танысу керек.
Минимализм —жай ғана тренд емес, бұл — саналы таңдау. Ол өмірімізді тек материалдық заттардан ғана емес, сонымен бірге артық ойлар мен мазасыздықтан тазартуға көмектеседі.
Заттар біздің энергиямызды қалай ұрлайды?
Әрбір зат біздің назарымызды қажет етеді. Көп зат болған сайын, оларды тазалауға, реттеуге және сақтауға көп уақыт жұмсаймыз. Психологтардың зерттеуінше, айналадағы ретсіздік (бардак) адамның күйзеліс деңгейін арттырып, мидың шоғырлануына кедергі жасайды.
Минимализмнің 3 басты пайдасы:
1. Уақыт пен ақшаны үнемдеу. Енді сіз дүкен аралап, «мүмкін керек болып қалар» деген оймен пайдасыз заттар сатып алмайсыз. Сатып алудан бұрын «Бұл маған шынымен қажет пе?» деген сұрақ қоюды үйренесіз.
2. Кеңістік пен еркіндік сезімі. Үйіңіздегі артық жиһаздар мен киімдерден арылғанда, бөлмеңіз кеңіп, тынысыңыз ашылғандай болады. Тазалық сақтау да әлдеқайда жеңілдейді.
3. Ішкі тыныштық. Сыртқы әлемді ретке келтіру ішкі әлемді (ойларды, сезімдерді) ретке келтіруге тікелей әсер етеді.
Минимализмді неден бастау керек?
Бұл бүкіл мүлкіңізді лақтырып тастау деген сөз емес. Қарапайым қадамдардан бастаңыз:«12 ай» ережесі: Егер сіз қандай да бір затты соңғы бір жылда мүлдем қолданбасаңыз, оны біреуге сыйлаңыз немесе қайырымдылыққа беріңіз.
Сандық тазалық: Телефоныңыздағы скриншоттарды, ескі суреттерді және қолданылмайтын қосымшаларды өшіріңіз. Поштаңызды керек емес хаттардан тазартыңыз.
Қорытындылай келе,минимализм — аз затпен өмір сүру емес, өміріңізде ең маңызды нәрселерге (жақындарыңызға, хоббиіңізге, денсаулығыңызға) орын босату. Өміріңізді жеңілдетіңіз, өйткені бақыт заттардың санында емес.

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі