Өлең, жыр, ақындар

Денсаулықты сақтау – өз қолымызды екенін ұмытпайық

«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатынына сенемін. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қозғалысы жасап спортпен шұғылдану, таза ауада жиі серуендеу жатады. Мен өзімнің денсаулығыма осы бастан қараймын. Күніге таңертең орнымнан тұрып жүгіремін, күрес үйірмесіне  қатысамын. Спортпен шұғылдану әрбір адамның өзіне керек екенін басқа да достарым білсе деймін. Мен айта алмаған сөздерімді мына өлең жолдарымен  жеткізуге тырысамын.

Денің  сауда жетерсің арманыңа,

Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.

Дені сауда көрерсің бұл дүниенің,

Бар қызығын рахатын,жорығын да!

21 ғасыр бәсеке заманы. Зиянды заттарды, денсаулығымызға пайдасы жоқ тағамдарды пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Денсаулықты сақтау - әрбіріміздің  қолымызда екенін ұмытпайық!

                                                 ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы

                                               3- сынып оқушысы Амангельды Ержігіт

                                                  Жетекшісі Әнипа Сейдалиева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жанерке

Ден саулықты сақтау

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер