Заңгер-оқытушы біліктілігі бойынша өзі әдебиетті оқыған оқу орнынан 4 жыл оқып екінші рет жоғары білім алып шыққаннан кейін, әдебиетпен бірге мектептегі құқықтану пәнінен де сабақ бере бастаған еді. Енді осы пәннен ғылыми жоба дайындатқан шәкіртін аудандық ғылыми жобалар жарысына алып баруы керек. Былтырғы дайындаған шәкірті аудандық ғылыми жобалар жарысынан өтіп, одан әрі облыстық ғылыми жобалар жарысына қатысып қайтқан болатын. Ол құқықтану бойынша аудан оқушылары арасынан облыстық ғылыми жобалар жарысына қатысқан тұңғыш шәкірт еді. Жүлделі орынға іліге алмады. Бұған жұмыстағы қателік себепші болды. Ал мына аудандық ғылыми жобалар жарысына дайындап алып барғалы отырған шәкірті - екінші шәкірті.
Қыс ортасында жауған жаңбыр көлік қозғалысын шектеп тастауына байланысты, бұлар аудан орталығына тек түс әлетінде ғана жете алды. Бұл кезде аудандық ғылыми жобалар жарысы қорғалып кеткен еді. Әдіскер мұның не себепті кешігіп келгенін сұрап алғаннан кейін: "Біз түске дейін құқықтанудан түскен ғылыми жобаларды қарап шықтық. Биыл да облыстық ғылыми жобалар жарысына сендердің жұмыстарың барады деп ұйғардық. Сондықтан шәкіртіңді облысқа дайында", - деді. Бұл осы кезде әдіскерден өзінің тағы бір шәкіртінің ғылыми жобасы бар екенідігн, сол жұмыстың жағдайы не болғанын сұрады. Әдіскер ол жұмыстың әдебиеттен жазылған ғылыми жоба жұмысы екендігін, ал ауданда әдебиет секциясы жоқ екенін, өзіне қарасты тарих және құқықтану секциясында ол жұмысты қарай алмайтындығын айта келе: "Егер ол жұмысыңды алғың келсе, апайыңның сейфінде тұр", - деді. Апай деп отырғаны аудандық білім бөлімінің жауапты маманы еді. Апайына жолықты. Апайы: "Сенің ол жұмысың менде тұр. Биыл да құқықтанудан облысқа сен бара жатсың ғой, ендеше, осы жұмысыңды да қосып ала кет. Мүмкін облыс қарап, бағасын берер", - деді.
Санаулы күндерден кейін әдебиет пен құқықтанудан ғылыми жоба қорғайтын екі шәкіртін ертіп, облыстық ғылыми жобалар жарысына бару үшін бұлар пойызға отырды. Бұл жолы құқықтанудан қорғаған шәкіртінің "Мұсылмандық құқық және оның қолданыстағы құқықтан ұқсастығы мен айырмашылығы" атты ғылыми жоба жұмысы облыстан арнайы марапат қағазын алды. Ал әдебиеттен қорғаған шәкірті II орынға ие болды. Көп ұзамай екінші орын алған жұмыс Астана қаласына іріктеу кезеңіне жолданды. Арада уақыт өткенде, жұмыстың іріктеу кезеңінен өтіп, республикалық ғылыми жобалар жарысына қорғауға ұсынылғандығы хабарланған еді.
Үш күнге созылған республикалық ғылыми жобалар жарысында шәкірт өз жұмысын нәтижелі қорғады. Қазалы ауданы, №25 орта мектебінен қатысып отырған шәкірттің "Халық ақыны Байназар Өтепов шығармашылығындағы ел тағдыры және ақын өлеңдерінің көркемдік мәні" атты ғылыми жоба жұмысы республикалық ғылыми жобалар жарысының II орнына ие болды. Бұл жұмыс аудан оқушылары арасынан әдебиеттен тұңғыш рет жазылып, республикада қорғалған оқушының ғылыми жоба жұмысы еді. Ал шәкірт өз мектебінен республикалық білім бәйгесіне - ғылыми жобалар қорғау жарысына - тұңғыш рет қатысқан шәкірт болды.
Марапаттау рәсімінен шығып келе жатқанда, шәкірт қыздың: "Мына кісілер ғой кеше бізге ғылыми жоба қорғатқан", - деген сөзінен бұларға назар аударған, өзін филология ғылымдарының кандидатымын деп таныстырған ер адам: "Кеше көрдік қой жұмыстарды қорғатқанда, жұмыс жақсы жазылған, шәкірт те қабілетті екен", - деді. "Сіңлім, - деді екінші маман шәкірт қызға қарап. - осындай жұмыстардың ізіне түсе берсең қайтеді, араб жазуын үйреніп ал, кейбір көне қолжазбалар араб қарпімен жазылған ғой".
Аудандық білім бөлімінің басшысы бұған кетерінде "қайтарда соғып, маған нәтижеңді хабарлай кет" деген еді. Бұлардың республикадан II орын алып келе жатқанын естігенде қуанып қалды. "Бұл - біз үшін үлкен жетістік", - деді.
Арада уақыт өткенде, шәкірт қыз: "Бұл жұмыс менің мамандық таңдаудағы мақсатыма өзгеріс енгізіп жіберді. Мен бұрын үнемі мектепте тарих пәнінен пән олимпиадасына қатысып келген едім. Өзімді болашақ тарих маманы ретінде дайындап жүргенмін. Енді мен осы жұмыстан кейін әдебиеттің маманы болғым келеді", - деді.
Бірде ұстаздардың еңбек демалысы кезінде қаладағы үйге кенеттен құқықтануданғылыми жоба қорғатқан шәкірт ұлының кіріп келгені. Ол бұған: "Мен мектепті былтыр бітірдім ғой. Оқуға түсе алмадым. Енді тағы тестке қатысып көрсем депедім. Үйде жатып дайындалуыма болама? Менің тестке дайындығыма көмектесіңізші. Мен болашақ дәрігер болғым келеді", - деді. Шәкірт сол жолы дәрігерлік мамандықтың грантына оқуға түсіп кеткен еді. Ол бірде тағы да үйіне келіп өзінің осындағыүлкен бір ауруханада ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсететін дәрігер екендігін айта келе: "Сізге рақмет, кезінде менің дайындығыма көмектесіп едіңіз. Енді дәрігер болып, сол оқуымның нәтижесін көріп жүрмін", - деді. "Баяғыда ғылыми жоба қорғағаның есіңде ме?" - деді бұл. Дәрігер күлді:
"Есімде ғой, неге есімде болмасын. Ғылыми жоба қорғап, облыстан марапат қағазын алып қайтқан едім ғой".
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі