Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ

Басты бет / Спорт / Мотивациялық мақалалар / Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ

Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ — Мотивациялық мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Дин Карназес, Желаяқ, жүгіру, спорт — осы тақырыптарға байланысты.

50 жастағы Дин Карназес ұзақ дистанцияларға жүгіретін әлемдегі ең танымал желаяқ болып саналады. Оның есебінде көптеген рекордтық жүгірулер бар. Дегенмен ол спортпен шындап айналысуды 30 жасында бастаған.

Карназестің көптеген жетістіктерінің бірнешеуін ұсынамыз:

— 43 жасында ол үздіксіз 560 км жүгірген. Осы уақытта ол үш күн ұйықтамаған, 3 килограмм салмақ тастаған және 40 мың килокалория жаққан;

— 44 жасында АҚШ-тың әр штатында 50 күн бойы 50 марафонды жүгіріп өткен;

— 49 градус Цельсий кезінде калифорниялық Өлім алқабын жүгіріп өткен;

— Оңтүстік Полюстегі тұңғыш және жалғыз марафонға қатысып, екінші орынға ие болған.

Бір қызығы, Казарес жүгіруді 30 жасын тойлауден кейін, мас күйінде бастаған. Ал бұған дейін ол корпорацияда істейтін қарапайым жұмысшы болған. Алайда 50 километрге созылған ең бірінші жүгіріс бәрін өзгертті. Бүгінде жүгіру – Казарестің басты мамандығы. Қосымша істері – пайдалы өнімдер сату, жігерлендіретін кітаптар жазу және түрлі жиындар мен конференцияларда сөз сөйлеу. Time журналы оны «Әлемдегі ең беделді адамдардың Топ-100-дігіне» кіргізеді.

Диннің соңғы 20 жылда жеткен ғажайып спорттық жетістіктері, бұл, әрине, қажырлы жаттығулар мен ағзаның ерекшеліктерін әрдайым дамытудың нәтижесі. Алайда Казарестің өзіндік бірнеше құпиясы да бар. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Батыл болыңыз

Қол жеткізу мүмкін еместей көрінетін мақсаттардан қорықпаңыз. «Бағындыруға тұрарлық кез келген мақсат тәуекелден тұрады», - деп жазады Карназес өзінің «Ультрамарафон-адам: түнімен жүгірушінің жазбалары» атты автобиографиялық кітабында.

2. Баусыз жүріңіз

Ұзақ дистанцияларға жүгіргенде ең бір ыңғайсыздық тудыратыны – бауларды байлау. 50 миль жүгіріп өткен соң тізерлеп отыру немесе аяқ киімді байлау үшін еңкеюдің өзі қиын болып кетеді. Карназес баусыз кроссовкалармен жүгіреді.

3. Мүмкіндіктеріңіздің шегін сынаңыз

1995 жылы 135 миль қашықтықтан тұратын ең алғашқы ультрамарафонында Карназес өлім мен өмір арасында арпаласты: ыстық күнде жүгіру кезінде ол елестеушілік, жүрек айну мен диареяға ұшырады. Сол жолы ол аралықты бағындыра алмады, алайда келесі жылы сол жолға қайтып оралып, оныншы орынға ие болды. 2004 жылы бесінші талпыныстан кейін ол бұл ультрамарафонда бірінші болып келді.

4. Қуат беретін кез келген тағамды жеңіз

Ұзақ жүгірістері кезінде Карназес түрлі тағамды шексіз мөлшерде жейді – себебі оның супержүгірісі калорияларды зор мөлшерде кетіруге мүмкіндік береді. Басқа кездері спортшы аскетикалық диетаны ұстанады. Ол тіпті жемісті де көп мөлшерде жемейді, себебі оның құрамында қант мөлшері көп.

5. Аз ұйықтаңыз

30 жасында қарапайым тәсілмен ерекше өмір сүруді бастаған Карназел тәулігіне 4 сағат ұйықтауды әдетке айналдырған. Соның арқасында ол көп нәрсеге үлгеретін болған, бұдан өзге түнде жүгіру мүмкіндігіне ие болған – оның сөзінше, түнде жүгіру адамды керемет тыныштандырады. Бұған дейін көптеген адам сияқты 8 сағаттан кем емес ұйықтап жүрген Карназес «Адам денесі әдеттегіден тыс ерлік жасай алады», — дейді.

6. Денеңізге қожайынның кім екенін көрсетіңіз

«Адам денесінің өз шегі бар, бірақ адам рухы ештеңемен шектелмейді, — дейді Дин Карназес. Ол ең алдымен өз санаң мен мінезіңді жаттықтыру керектігін айтады. — Сіздің миыңыз – сіздің ең басты бұлшық етіңіз. Өмір – бұл молаға әдемі және жақсы сақталған денемен қауіпсіз келу емес, керісінше кемені тежегіштен босатып, барынша пайдалану, толықтай тоздыру және «бұл не жүріс? Міне, менің қолымнан не келеді!» деп жар салу.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Тұрсын Бегімова

Сіздерді вконтакте желісінде қалай табуға болады?

Алма

Супер

Дико

мықты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ деген не?

Бұл бетте Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мотивациялық мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ материалы Мотивациялық мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мотивациялық мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Дин Карназес тақырыбындағы материалдар Желаяқ тақырыбындағы материалдар жүгіру тақырыбындағы материалдар спорт тақырыбындағы материалдар ерекше тұлғалар тақырыбындағы материалдар