Өлең, жыр, ақындар

Адамның қолынан қырылып кеткен алыптар

Бір кездері Жаңа Зеландияда биіктігі 3,5 метрге дейін жететін моа алып құстары мекен еткен. Олардың қанаттары болмады, сол себепті байырғы маорилер оларды оңай қырып-жойды. Бұл құстар жойылып кеткен түрлер тізіміне енгізілсе де, әлі күнге дейін оларды ХХ ғасырда Жаңа Зеландияның Солтүстік аралының оқшау бұрышынан көргендері жайлы сенімді әңгімелер айтылуда.

Адамның қолынан қырылған алыптар

XVIII  ғасырдың соңында Жаңа Зеландияда моа алып құстарын кездестіруге болатын еді, бүгінгі күні олар жойылып кеткен түрлердің тізіміне енгізілген, алайда энтузиасттар екі ірі аралдың шалғайдағы қуыстарынан осы бірегей қауырсындыларды кездестіруге әлі де үміттенеді. Бір кездері, адамдар келгенге дейін, Жаңа Зеландия нағыз құстардың «қорығы» болған, бұл жерде сүтқоректілер (жарқанатты есепке алмағанда) болмаған, қауырсындылар патшалығы дәуірлеген және көбейіп тұрған, олардың ең ірі өкілдері – моа құстары үшін тек алып қыран ғана үлкен қауіп төндіретін.

Алып моалардан басқа салмағы 20 кг-нан аспайтын өлшемі бойынша кішірек түрлері де болды. Моаның ең ірілерінің биіктігі 3,5 - 4  метрге жететін және шамамен салмағы 250 кг-дай тартатын. Сонымен бірге аналығы аталығынан екі есе ауыр болатын.

«Әрине, мұндай ұша алмайтын және тістемейтін жеуге жарамды құнарлы «тауықтар», соншалықты таудай мол еттің екі аяқты иегерлері, аралды алғаш ашушылардың құрметіне маори атауын алған, Полинезия аралынан қоныс аударғандар үшін оңай әрі дәмді табыс болдыған. Моалардың жойылуына аралға полинезиялық қоныс аударушылар алып келген иттер мен егеуқұйрықтар да бірталай үлес қосқан. Ғалымдардың бағамдауы бойынша, моаларды қырып-жою кезеңі ІХ ғасырдан XIV ғасырға дейін созылған.

Қаңқалар не жайлы айтады

ХІХ ғасырдың екінші ширегінде еуропалық ғалымдар экзотикалық құсқа соншалықты қызығушылық тудырды. Моалардың қаңқаларды аралдарда өте көп болатын, ал тірі нұсқасы көзге түспейтін. Аман қалған құстарды табуға тырысып, ғалымдар аралдардың оңаша ең шалғай бұрыштарына бірқатар экспедициялар ұйымдастырады. Зерттеушілердің ынтасы маорилердің Бакапунака тауының құзар басында аман қалған бір моа тығылып жүр екен деген аңызын одан әрі өршітіп жіберді. Өкінішке орай, тауда ешкім тығылмаған, бір де бір тірі құс табылмады.

Моа құсының қалдықтары

Моаларды алғаш зерттеуші палеонтолог Ричард Оуэн болды, дәл осы адам 1839 жылы Жаңа Зеландиядан табылған алып сүйек, қандай да бір аңның емес, құстың сүйегі екенін дәлелдеген. Ғалым өз өмірінің 45 жылын моаларды зерттеуге арнаған. Оның өтініші бойынша, натуралист Уолтер Мэнтелл 1847 жылдан 1850 жылға дейін оған алып құстың шамамен мыңға тарта сүйегі мен олардың жұмыртқаларының қабығының қалдығын жинап берген. Оуэн әртүрлі моалардың түрлерін сипаттаған және мұражайларға алып құстың бірнеше қаңқасын жинап берген. ХІХ ғасырдың ортасында Кромвельге жақын жерден моаның ең үлкен жұмыртқасы табылған: оның ұзындығы 30 см-ге, ал диаметрі – 20 см-ге тең болған.

Моаларды зерттеу қазіргі уақытта да жалғасуда. Мысалы, жуырда ғалымдар моалардың популяцияларында аналықтары аталықтарынан бес есе көп болғандығын анықтады. Бұл құстардың өздеріне тән аналық дәуірі, ғалымдардың пайымдауынша, аналықтарына аталықтарына қарағанда әлдеқайда ірі болған, агрессивті аумақтық саясат жүргізе отырып, соңғысын барынша азыққа бай қатысушымен ығыстырып отырған.

2009 жылы жойылып кеткен алып құстың түсін құрастырып шығуға жол жеткізгендерін жариялады. Ғалымдардың қолында 2,5 мың жылдық жасы бар қауырсын бар болатын, олардың ДНҚ-сын зерттей отырып, ғалымдар моалардың төрт түрінде реңсіз қоңыр қауырсын болғанын, тек кейбір жеке дарабастарында ғана қауырсындарының ұшы ақ болғанын анықтаған. Ғалымдардың есептеуінше, қоңыр түстің нәзік сарғыш реңкті қауырсындары моалар үшін алып Хааст қыранынан жасырыну үшін өте жақсы бүркеме болған. Дәл осы қыран құс моалардың жалғыз жауы және әлемдегі ең ірі қыран құс болатын.

Сонымен, әлемдегі ең ірі құс қандай еді? Моа страустарға жақын туыс болып саналады, олар осы құстарға ұқсайтын. Екі «шыныққан» аяқтары, қанатсыз денесі ұзын мойынға жалғасқан, басы аздап сопақтау, тұмсығы төмен қарай имектеу. Құстың бүкіл денесін қауырсын жапқан. Ең қызығы, моалар да қазіргі қауықтар тәрізді, асқазандарындағы азықты ұнтақтап отыратын, ұсақ тастар жұтып отырған. Енді осы тегістеле өңделген тастар моалардың сүйектерінің қасынан табылуда.

Патша-құсты іздеу кезінде

Тіптен, қазірдің өзінде Жаңа Зеландияда моалардың жақсы сақталған қаңқалары және де тек сүйектері ғана емес, сонымен бірге қауырсындары және бұлшық еттері мен сіңірлерінің кеуіп қалған бөліктері де табылуда. Табылған осындай олжалардан кейін, көпшілік адамдарға аралдардың оңаша қалған бұрыштарынан тірі құстарды іздеу туралы ой келуі де ғажап емес. Мұндай ізденістерге куәгерлердің айғақтары да түрткі болады. ХІХ ғасырда кей кездері алып құстармен кездесіп қалу оқиғалары орын алған.

Мысалы, бір күні итбалық аулаушылар Кука бұғазының қасындағы аймақта орманнан жағалауға қашып шыққан алып құстардың түрінен қорқып кеткен. 1860 жылы алып құстың табандарының іздерін жер телімдерін белгілеп жүрген басшылар көрген. Құстардың іздері шатқалдардың арасындағы тоғайға алып келген, сол ауданда әктасты үңгірлер аз емес, дәл сол үңгірлерде соңғы моалар тығылған болуы мүмкін.

1959 жылы ғылыми ортада кішігірім дүрлігу орын алды: ұшақтан тірі «жойылып кеткен» моаларды суретке түсіруге қол жеткізілген тәрізді. Түсірілген сурет «Лондон иллюстрейтед ньюс» ағылшын журналында жарияланды, одан қауырсынды алыптардың анық емес сұлбаларын көруге болатын. Кейіннен белгілі болғандай, бұл газеттік «жалған хабар» болып шықты. Қандай жағдай болса да, Веллингтондағы жаңазеландиялық мұражайдың директоры Роберт Фалл мәлімдегендей: «Мен толықтай нақтылықпен, тірі моаларды ешкім де көрмегенін және суретке түсірмегендігін хабарлаймын».

Алайда, жаңа мыңжылдықта тірі қалған моалар туралы әңгімелер қайта жанданды. Австралиялық табиғат зерттеушісі Рекс Гилрой, Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдарындағы шалғай жерлерде, және де Уревера ұлттық қорығының аумағында тірі моалар тіршілік етіп жатқанына сенімді. Шындығында, бұлар алып құстар емес, тек кішкентай бұта моалары, бірақ кез-келген жағдайда, оларды таба алсақ, онда бұл ғылыми таңғаларлық оқиға болмақ.

«Гилройдың айтуынша: «Мен бұта моалары әлі де тірі екендігіне сенімдімін. Менде Уреверде құстардың шағын тобының бар екендігіне белгілі бір дәлелдер бар. Және мен үшін олардың сол жерде бар болғандығы шынымен де маңызды». 2001 жылы қорықта болған уақытында зерттеуші құстардың ізінің 35 таңбасын табуға қол жеткізген.

Күдікшіл адамдар Гилройдың мәлімдеулерін келеке ете қабылдап, моалардың барлығы 500 жыл бұрын жойылып кеткендігін және қазіргі уақытта олардың тек сүйектерінің қалдықтарын табуға болатындығын айтуда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз