Өлең, жыр, ақындар

Бамбуктан жасалатын мата

Бамбук иірілген жібі мен одан жасалатын мата 20 ғасырдың соңында өндіріле бастады. Оны өндіру идеясы баяғы заманда Қытайда бамбук талшықтарынан қағаз дайындаудан алынған болуы керек. Қазірде бұл жаңа матаның негізгі көлемі Қытайда және сол жерде өсетін Mosо түрінен өндіріледі. 

Бастапқыда, бамбуктан мата жасау таңданыс тудыратын. Ағаштан мата болушы ма еді? Алайда, біріншіден, матаны қарағайдан да (вискоза) жасайды. Екіншіден, бамбук ағаш емес, шөп. Ал шөпті өсімдіктерден (зығыр, мақта) мата бұрыннан бері жасалынады.

Қазіргі таңда бамбук матасынан киім мен көрпе тыстары тігіледі. Киімдерден танымалы шұлықтар. Бамбук талшықтарын жастық пен көрпелерге толтырма мен жабын ретінде пайдаланады.

Бамбук талшығын алу жолдары

Бамбук талшықтары екі жолмен алынады. Бұған толығырақ тоқтаған жөн, себебі мата немесе наполнитель фабрикалардағы алыну тәсіліне қарай бөлек белгіленуі тиіс.

Бамбук киімдері, әсіресе 2005-09 жылдары тез тарала бастады. Осымен байланысты Еуропалық Одақ пен АҚШ-тағы сауданы реттейтін ресми органдар бамбук жіптерінің тиісті классификациясын жүргізіп, оның көп бөлігін дегенмен вискозаға жатқызды. Бұл жағдай жіп үшін табиғи шикізат, яғни бамбук қолданылғанымен, жіптерді шығарғанда ұсақталған бамбук талшықтары химиялық өңдеуден өткізілетіндігімен түсіндіріледі. Сондықтан алынатын талшық жасанды болып саналады және вискозаға жатқызылады. Кейде вискозаны барлық жасанды талшықтардың ішіндегі ең табиғиы деп есептейді. Оны тек бамбуктан ғана емес, қарағайдан және ағаштардың басқа да түрінен алады.

Кейде мұндай матаны «bamboo vicose» немесе «bamboo rayon» деп белгілейді. Шамамен «бамбук вискозасы» немесе «бамбук жасанды жібегі» деп аударылады.

Бамбук визкозасын табиғи өнімдерге жатқызуға қарсы негізгі дәйектер, ол химиялық технологиялық процестердің соңында бамбук өсімдігінің қасиеттерінен бөлек жаңа жіп шығады. Оны келесі химиялық әдістермен әзірлейді:

1. Каустикалық сода мен сероуглеродты қолдану ескірген, бірақ кеңінен таралған әдіс. Ол келесі кезеңдерден тұрады. Жапырақтар мен діңнің жұмсақ бөліктерін ұсату.
Бұл массаны 20-25 С температурада 15-20% каустикалық сода ерітіндісінде 1-3 сағат аралығында ұстап щелочной целлюлозының күйіне жеткенге дейін ұстайды.   
Каустикалық сода ерітіндісін кетіру үшін целлюлоза сығылады, сосын уатылып, 24 сағат ішінде  целлюлоза кептіріледі. Целлюлозаны іркілдек тәрізді жасау үшін күкіртті көміртек (көміртек дисульфиді — CS2) қосылады. Күкіртті көміртекті әдеттегі вискозаны алғанда да қолданады. Күкіртті көміртекті булау. 5%-ы натрий гидрооксидінен және 5%-дан 7%-ға дейін целлюлоза талшығынан тұратын вискоза ерітіндісін алу үшін натрий гидрооксидінің су қосылған ерітіндісін қосу. Осы целлюлоза ерітіндісінен иірілген жіпті күкіртті қышқыл ерітіндісі және механикалық құрылғының көмегі арқылы алу.

Көрсетілген химиялық процестердің бұл әдісі жұмыскерлер мен қоршаған орта үшін зиян. Алынған жіптер мен матаның денсаулыққа ешқандай зияны жоқ. Табиғи шикізаттан жасалатын басқа да маталардың, жүн не мақтадан болсын өндірісінде химиялық реагенттер пайдаланылмайды деп ойлау қате.

2. Лиоцелл технологиясы экологиялық жағынан тазарақ болып келеді. Лиоцелл – бұл жаңа технологиялық талшық. Оны вискоза деп атамайды, жай ғана лиоцелл не лиоцельді талшық деп атайды.  Бұнда бамбук целлюлозасын еріту үшін N-метилморфолин-N-оксид қолданылады. Бұл технология фабрикадағы жұмыскерлер денсаулығы үшін айтарлықтай қауіпсіз, себебі N-метилморфолин-N-оксид токсинді емес.

3. Ангидридті сірке суы және күкіртті қышқыл мен сірке су қышқылын катализатор ретінде қолданып бамбук целлюлозасынан ацетатты талшықты алу.  Бірақ, ацетатты талшықтар су тартқыш, жылу тартқыш, үзілуге бекем, қажалуға төзімді қасиеті нашар, вискозаға қарағанда көбірек электрленеді.  Алайда, олар суда көп ісінбейді және сулы күйінде беріктілігін азырақ жоғалтады. Жақсы созылатындықтан ацетатты талшықтардан жасалған өнімдер пішінін жақсы сақтайды және киюге жақсы, жылуды жақсы сақтайды, күнге және микроағзалардың әрекетіне төзімді, ультрокүлгін сәулелерді өткізеді.

Жіпті алудың механикалық әдісі нағыз экологиялық таза әдіс болып табылады. Одан алынған талшықтар мен маталар «bamboo linen» («бамбук лені» деп аударылады) деп белгіленеді. Бұл әдістің жұмысы көбірек және ол бамбук өсімдігінің қатайған бөліктерін механикалық ұнтақтау арқылы сосын, табиғи энзимдердің көмегімен оларды біртекті органикалық массаға айналдыру арқылы жүзеге асады. Осы массадан болашақ иірілген жіптің табиғи талшықтары созылады. Ол әдісте біріншідегідей күшті химиялық реагенттер қолданылмайды. Ол зығыр немесе кендірден жасалатын жіп әдісіне ұқсас.
Механикалық әдіспен алынатын иірілген жіп қымбатырақ болады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

ukna

ote jahci jazlgan

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз