Өлең, жыр, ақындар

Әлемді өзгерту оңай, әлемді өзгерттім деп елді мойындату қиын.

Мына суретте адамзат тарихындағы әлемді өзгерткен  маңызды сәттердің бірі бейнеленген. Бірақ бір қызығы, бұған ешкім назар аудармаған. Замандастарымыз ұлы өнертабыстарды неге байқамайтынын бірге талқылап көрелік.

1903 жылдың желтоқсан айының бір күнінде ағайынды өнертапқыш Орвилл мен Уилбур Райт әлем тарихында тұңғыш рет заманауи дельтапланға ұқсас конструкцияны аспанға ұшырды. Аппарат әуеде орташа 3 метр биіктікте 12 секунд қалықтап, 36 метр ұшып өтті. Дәл сол сәтте адамзат өзіне аспанды бағындырды.

Алайда сол күні де, келесі күні де, алдағы бірнеше жылдықта да ағайынды Райттардың көршілерінен басқа ешкім ойға қонымсыз тәжірибелерге назар аудармады. Сол кезеңнің газеттеріне үңілетін болсақ, ағайынды өнертапқыштар жайлы тұңғыш жазбаны New York Times газетінің 1906 жылы шыққан нөмірінен ғана табамыз.

Газеттің 1904 жылы шыққан бір санында әуе шарының иесімен болған cұхбатты кездестіруге болады. Бұл сұхбат осы жағдайдың қаншалықты күлкілі екенін көрсетеді. Тілші әуе шары иесінен адамдар болашақта құс сияқты ұша алатын бола ма деп сұрайды. Ол болса: «Болашақта ұшуы әбден мүмкін. Алайда бұл алыс болашақта ғана іске асуы мүмкін. Бәлкім, қандай да бір ұшатын машиналар пайда болатын шығар, бірақ өте алыс болашақта» - деп жауап береді. Біздің байқауымызша, бұл сұхбат New York Times-та ағайынды Райттардың тұңғыш ұшуынан кейін бір жылдан соң шыққан.

ХХ ғасырдың ортасында тарихшы Фредерик Льюис Аллен ағайынды Райттардың еңбектері жайлы кітап жазып шығады.

Олардың тұңғыш ұшуынан бері бірнеше жыл өтті, ал адамдар ағайынды Райттардың экспериментінің мәнін енді түсініп жатыр. 1905 жылы қарапайым тұрғындар адамзаттың ұшуы мүмкін емес екеніне түбегейлі сенімді болды. Ал тұңғыш кәсіби тілшілер өнертапқыштардың шеберханасына 1908 жылдың ортасында ғана бас сұқты. Ол жақтан таңданыспен оралған тілшілер көргендерін газетке жаппай жаза бастады. Тек содан кейін барып әлем адамзаттың аспанды бағындыра алатынына көзі жетті.

Фредерик Льюис Аллен, тарихшы.

Ағайынды Райттардың өнертабысы жайлы оқиға көп жағдайда әмбебап. Өкінішке қарай, біздің тарих бір ғана ақиқатты растайтын осыған ұқсас көптеген балама мысалдарды біледі: әлемді өзгертудің шын мәнінде еш қиындығы жоқ. Бірақ сіздің мұны істегеніңіз жайлы біреуді мойындату қиын.

Сен жай ғана өзіңе сенесің және сенген затыңды іске асырасың. Бірақ сенің ісіңді сынап, мойындауы үшін біраз уақыт өтуі керек. Және егер сен өз істеп жатқан ісіңе сенімді болсаң біреу сені мойындамайды немесе түсінбей қалады деп қорықпайсың. Бәлкім, бірінші болып бастаудың мәні де осыда шығар.

Джефф Безос, американдық кәсіпкер,  Amazon - ның негізін салушысы және басшысы

 

Шын мәнінде бұл өте маңызды үндеу. Себебі көпшіліктің махаббатына бірден бөленген заттар бұрыннан таныс өнімдердің жетілдірілген түрі болады. Олар бізге бұрыннан таныс затқа ұқсас болғандықтан танымалдылыққа ие болады. Шын өмірде төңкеріс жасайтын өнертабыстар бастапқы кезде сұранысқа ие болмайды, тіпті данышпандардың арасында да.

Дәл осындай жағдай Александр Беллмен де орын алған. Ол өз өнертабысын тұңғыш рет Western Union компаниясына ұсынып көреді. «Сіздің телефоныңыз біздің компанияға еш құндылығы жоқ, оның көптеген кемшіліктері бар. Өкінішке қарай, оны байланыс құралы ретінде қарастыра алмаймыз», — деп ғалымға жауап берген.

Тұңғыш автомобильдің пайда болуы да теріс қабыл алынды. Осы жағдайға байланысты АҚШ конгресі арнайы меморандум шығарған болатын.

Сұйық жанармаймен жүретін жылқысыз арбалар сағатына 20 миль қарқын ала алады. Бұл ауаны ластайтын, көшелер мен жолдарда бізге жолығуы мүмкін үлкен қауіп делінді. Бұл машинаны әрі қарай жетілдіретін болса жылқылардан бас тарту керек болады, ал бұл АҚШ-тың ауыл шаруашылығына кері әсер етуі мүмкін.

Қоғамды мойындату үшін Генри Фордқа 20 жыл қажет болды.

Тарихта болған осыған ұқсас жағдайлар бізге мынадай тұжырым жасауға итермелейді. Кез келген болашағы бар жобалар мынадай жеті белестен өтеді:

1. Сіздің өнертабысыңыз немесе өніміңіз жайлы ешкім білмейді.

2. Өнертабысыңыз жайлы мәлім болады, бірақ оның маңызды екенін ешкім мойындамайды.

3. Адамдар идеяңызды түсіне бастайды, бірақ өмірде оның қолданысқа енуіне сенбейді.

4. Өніміңізді ойыншық ретінде қабылдайды.

5. Сіздің өніміңізді тамаша ойыншық ретінде қабылдай бастайды.

6. Өнертабысыңызды пайдалана бастайды.

7. Адамдар сіздің өнертабысыңызсыз өмірін елестете алмайды.

Бір белестен екінші белеске өту үшін бірнеше онжылдық қажет болуы мүмкін, кейде – одан да аз. Өткен жылдардың тәжірибесіне зер салатын болсақ, басты үш қорытынды жасауға болады:

1. Нағыз инновациялық идеяларға әлемді өзгерту үшін көп уақыт қажет. Төңкеріс жасайтын жобаларыңыз өмірге енуі үшін сізге күте білу керек.

2. Егер өнертабыс бірнеше ұрпақты қамтиды деп бағалайтын болсаңыз, сәттілікті әр тоқсанда өлшеудің қажеті жоқ. Біздің тарих өзгерістердің қаншалықты ұзақ әрі күтпеген жағдайда орын алғаны жайлы оқиғаларға толы.

3. Өнертабыс – бұл жай ғана бірінші қадам. Жаңа идея мәдениетімізде орын алуы үшін шамамен 30 жыл қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Нурик

Өмірде өз бетімізше жаңаша өмір сүруге деген талпынысымыздың өзіне үлкендер тарапынан көптеген қатты қарсылыққа тап болып жатамыз. Әрқайсысы өздерінің көңілінен шығатын адам (қызметші) жасап шыққысы келеді. Үлкендерді ренжітіп қоймайын деген ойменен өз ойыңнан бас тартуға тура келеді.Дәл осындай жағдаймен, көптеген талантты жастардың таланты оянбай тасада қалып кетіп жатады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз