Business Insider басылымы Hyperloop One компаниясы ұсынған алғашқы Hyperloop капсулалы тасымалдау жүйесінің видеоконцептісіне көпшіліктің назарын аударды. Компания аталған тасымалдау жүйесінің құрылысын Дубайда іске асырмақ.
2016 жылдың қараша айында Hyperloop One компаниясы Дубай билігімен серіктестік келісім шартқа отырғандығын мәлімдеді. Басшылық Hyperloop тасымалдау жүйесі арқылы Дубай мен Әбу-Даби қалаларын қоспақ. Таныстырылым аясында компания Hyperloop жолының концептісін де таныстырып өтті. Ондағы капсулалар сағатына шамамен 1125 километр жылдамдықпен қозғала алады. Ал жол уақыты 12 минутты құрайды.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жолаушыларға арнайы бағдарлама ұсынылады. Ол арқылы жолаушылар межелі жерге қалай жетуге болатыны жөнінде біле алады.
Бұл қосымшаға Hyperloop тасымалдау жүйесіндегі сапар кестесі де енгізіледі.
Егер қолданушы Hyperloop опциясын таңдаса, қосымша межелі орынға жету жолдарын көрсетіп, алдағы сапардағы қадамдардың барлығын анықтап береді:
Қолданушы қалааралық қатынасқа арналған капсула түрін таңдауы тиіс. Болжам бойынша, жолаушыларға капсулалардың бірнеше түрі ұсынылады. Мысалы, жалғыз немесе бірнеше адамға арналған, іскерлік кездесулер, дәріс өткізуге немесе демалуға арналған капсулалар.
Капсула жолаушыны өздігінен Hyperloop жүйесіне жеткізеді. Құрастырушылардың жоспары бойынша, Дубай – Әбу-Даби бағытында 120 капсула жұмыс істейді. Олар сағатына 8 500 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігіне ие.
Жолаушыларға арналған капсулалар үлкенірек капсулаларға орналастырылады. Олардың әрқайсысына 4 капсуладан сыяды.
Мұндай капсулалардың үшеуі жолаушылар, біреуі жүк тасымалына арналған.
Hyperloop One компаниясы инженерлік саласының басшысы Джош Гигельдің пікірінше, болашақта Hyperloop тәрізді қатынас көлігінің кең сұранысқа ие болатындығы сонша, жолаушылар метромен бір деңгейде қолданатын болады.
Жолаушылар жайғасқан капсула Hyperloop құбырынан қозғалғаннан кейін, кәдімгі жолдармен жолаушылар таңдаған жерге бағыт алады.
Дубайдың «Бурж-Халифа» ғимаратындағы Hyperloop One аялдамасы осындай сипатта болады:
Дубайдағы Hyperloop One тасымалдау жүйесінің тұжырымдамасы:
Hyperloop құбырлары көгілдір сызықтармен, ал станцияға жеткен капсулалар өтетін жолдар алқызыл түспен белгіленген.
Капсулалардың қозғалысын басқару орталығындағы мамандар қадағалайды.
Business Insider атап өткендей, бастапқыда Hyperloop One компаниясы тасымалдау жүйесін жүк тасымалы үшін қолданбақ болған. Бірақ 2017 жылдың ақпан айында жолаушыларды да тасымалдайтынын мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айдар Д.
Ең алғашқы метро 1863 ж. Лондонда ашылған, Қазақстанда осы жақында ғана ашылды. Шамамен 150 жыл артта қалып келеміз. Егер Hyperloop Қазақстанда да ашылатын болса демек 2167 жылдарды күту керек :)
▒▒▒▒▒▒▒▒█▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀▀█
▒▒▒▒▒▒▒█░▒▒▒▒▒▒▒▓▒▒▓▒▒▒▒▒▒▒░█
▒▒▒▒▒▒▒█░▒▒▓▒▒▒▒▒▒▒▒▒▄▄▒▓▒▒░█░▄▄
▒▒▄▀▀▄▄█░▒▒▒▒▒▒▓▒▒▒▒█░░▀▄▄▄▄▄▀░░█
▒▒█░░░░█░▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒█░░░░░░░░░░░█
▒▒▒▀▀▄▄█░▒▒▒▒▓▒▒▒▓▒█░░░█▒░░░░█▒░░█
▒▒▒▒▒▒▒█░▒▓▒▒▒▒▓▒▒▒█░░░░░░░▀░░░░░█
▒▒▒▒▒▄▄█░▒▒▒▓▒▒▒▒▒▒▒█░░█▄▄█▄▄█░░█
▒▒▒▒█░░░█▄▄▄▄▄▄▄▄▄▄█░█▄▄▄▄▄▄▄▄▄█
▒▒▒▒█▄▄█░░█▄▄█░░░░░░█▄▄█░░█▄▄█