Өлең, жыр, ақындар

Cауалнама: Бақытты болу үшін қанша ақша керек

Психологтар 1,7 миллион адамның қатысуымен сауалнамалық зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы, табыстың белгілі бір деңгейіне қолжеткізгеннен кейін бақытты субъективті сезіну деңгейі бірте-бірте төмендейтінін көрсеткен екен.

Америкалық психологтар табыс деңгейінің өсуі өмірге қанағаттану деңгейін белгілі бір шекке дейін ғана жеткізеді деген тұжырымға келіп отыр. Табыстың көтерілуі белгілі нүктеден асқаннан кейін бақытты субъективті сезіну және жалпы жеке ауқаттылық деңгейі төмендейді.

Зерттеушілер дүниежүзі елдерінің жарты миллоннан астам адамы қатысқан Gallup World Poll сауалнамалық деректерін зерттеген. Сөйтіп олар табыстың өсуі бақытты субъективті сезінуінен аспау жағдайынан кейін қаржылық қамтамасыз етудің орташа деңгейін есепте шығарды. Бұл бақытты болуға деп есептелген сома адамның қандай әлеуметтік топтарға жаттатындығына және әлемнің қай жерінде тұратындығына байланысты өзгерген.

Сауалнамаға әлемнің 164 елінде өмір сүріп жатқан 15 жастан және одан жоғары 1,7 миллион адам қатасты. Ғалымдар жаңа жұмысқа нақты және қажет етілген табыс деңгейін қоса алғанда субъективті ауқаттылық (subjective well-being, SWB) көрсеткіштерін өлшеуге арналған деректерді пайдаланған. Сондай-ақ, адамдардан өздерінің ауқаттылығы мен өмірге қанағаттану (life evaluation) деңгейін бағалауды және күнделікті өмірде жиі кездесетін эмоциялары (эмоциялық ауқаттылық emotional well-being) туралы айтуды сұраған.

Психологтар қаржылық табыстың белгілі бір биігіне жеткен кезде әлем бойынша ол сома өзгергендігін анықтады.

Табыс деңгейі мен жалпы ауқаттылықпен байланысты шек барлық елдерде және түрлі әлеуметтік топтар арасында бірдей емес. Айталық, ерлерде әйелдерге қарағанда сома төмен, яғни тиісінше 90 және 100 мың доллар. Білімі жоқ адамдардың өмір сүру сомасы жылына 70 мың доллар. Ал орта білімді адамдар 85 мың долларды, ал жоғары білімділер 115 мың долларды өмір сүруді қанағаттандыруға қажетті ақша деп көрсеткен.

Ақша туралы көзқарасқа географиялық жағдай да айтарлықтай әсер етеді. Ақшаға қажеттілік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Австралия тұрғындары арасында байқалған. Олар жылына 125 мың доллар деп белгілеген. Солтүстік Америка тұрғындарында бұл сома 105 мың доллар, Батыс Еуропа — шамамен 100 мың, Шығыс Еуропаның орташа цифры — 45 мың доллар. Бақытқа жеткізетін ақшаның ең төменгі көрсеткіші Латын Америка тұрғындары арасында тіркелді. Аталған елдер тұрғындары жылына 35 мың доллар бақытты өмір сүруге болады деп есептейді.

Зерттеушілердің пікірінде, осы сомадан асатын табыс деңгейі бақытты субъективті сезінуге айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Жоғары табыс табу ол адамдардың көп уақыты мен күшін қажет етеді, сондай-ақ өзінің еңбегінің нәтижесіне барынша жауапкершілікпен қарауына алып келеді. Сонымен қатар, табыстың көбеюі адамды өзін қоршаған ортамен салыстыруға мәжбүрлейді.

Зерттеу нәтижесі:  Nature Human Behaviour журналында жарияланған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз