Токтасинов Билтен – Токтасинова Баян
129 разъезд (шестой)
Токтасинов Билтен (Өзенбай) Абылгазыұлы 1934 жылы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында Өзеннің бойында дүниеге келген. Руы Сүйіндік Мырза (жаманадай).1941 жылдары Түркменстанға қоныс аударады. 1956 жылдары әскерге кетеді. Әскери борышын 3 жылдан өтеп келгеді.
Токтасинова Баян Түркменбайқызы 1939 жылы Түркменстан Республикасы Балканабад облысында (Балканның құйрығы) дүниеге келген. Руы Құнанорыс - Жиенқұл. Балалық шағы Дибатыда өткен.
1959 жылы Дибаты қаласында Токтасинов Билтен Абылгазыұлына тұрмысқа шығады.1960 жылы Жағманға қоныс аударады. 1961-1962 жылдар аралығында Жағманнан №129 разъездге ( шестойға ) қоныс аударады. Осы жылдары темір жолға қызмет етеді. Токтасинов Билтен Абылгазыұлы станция кезекшісі қызметін, ал Токтасинова Баян Түркменбайқызы темір жол жөндеуші (путист) қызметін атқарады. 1985 жылы Билтен Абылгазыұлы дүниеден озады. Дүниеге 9 баланы әкеледі. Осы жылы көп балалы анықтамамен Түркменбайқызы Баян зейнетке шығады. Қазіргі таңда 37 немере, 34 шөбере өнді. 2012 жылы қаңтар айында Баян Түркменбайқызы дүниеден өтеді.
Жаңаөзен
Кіндіктің қаны тамған жер,
Киелі əулие болған жер,
Қыралы сайдың бойында,
Білтендей бабам туған жер!
1960 жылы Түркменстан, Красноводск обл-ң Жағманда Галия (Оразбибі) қыздары дүиеге келеді. 3 сынып шестойда оқып, 4 сыныптан бастап Белек мектебінде оқиды. Овезов Еламан Орынбасар ұлына тұрмысқа шығады. Жалғас, Жолдас, Нұржамал, Қырмызы, Исмайл деген балалар тәрбиеледі. 2012 жылы Еламан Галия Жолдас Жалғас жол апатынан қаза табады.
1962 жылы Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде қыс уақыты болар екінші қыздары Қадиша дүниеге келеді. Бұл Қадиша қыздары енесі Балбөпенің сүйікті немересі болар. Қадишаың Алия деген қызы бар. Қызыл орда обл, Сүтті қыдық жеріне тұрмысқа шықты.
1964 жылы Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде қақаған қыстың күні. Баян ас бөлмеде толғағы ұстап, сол жерде Нұрсұлуды босанды. Нұрсұлу – шестойды 3 сынып аяқтап, белек мектебінде оқиды. Дүйсенов Жаңабайға күйеуге шығады. Қазіргі таңда: Амангелді, Айткүл, Нағима, Роман, Динара деген балдары бар.
Қасында түрі ежірейіп отырған, қыз босанғанына налып отырған Баянның енесі Балбөпеде болатын. (өйткені Баянның үшінші ретті қыз босануы болатын!) Үйдің кенжесі ол кезде Таңатар ( он – он екі жас шамасында болар) үйге жүгіріп кіріп, тура Баян босанған бөлмеге ұмтыла келіп есікті ашты. Әлі ентігі басылмаған бала Балбөпеге қарап тұрып - не туды? Ұл ма? Қызба? – деп сұрағанда, Балбөпе наразы көзбен бір қарап, дауысын қаттырақ шығарып – не тусын! Тағыда қызда деп Таңатарды жекіріп жіберген. Ойнап жүрген бала, аузына әлде құдай салдыма – үйден жүгіріп шығып келесіде ұл болады, келесіде ұл болады деп жүгіріп шыққан.
Таңатардың ойы егер ұл туса есімін Жамбыл қойғысы келген. Бұл есім өзімен бірге өскен Жамбыл деген досы болған. Соның құрметіне ма, әлде өзі осы есімді ұнатқан болар.
1965 – 1966 жылдар болар бір күні Баян ұйқтап жатыр, түн ортасы ауған сәті болар, дала тылсымдай күшке ене. Ұйқысында болар, Дюсен деген абысын жеңгесі болар, Баянға аян берген екен. Баян бір торсықтай ұлды туған болар, сол ұлды Дюсен шешеміз үш қатар жүктің үстіне мінгізген екен.
1966 жылы қыстың райы қайтып, қозы лақтың төлдеген уақыты, көк біткеннің бәрі жан бітіп, күн сәулесі бойын биікке түзеп, ыссылықтың көкесі басталғаны. Оқушылар жазғы демалыстарына асық кез. Мамыр айы 19 –шы жұлдызы болар, Білтен мен Баянның тұңғыш ұлдары дүниеге келеді. Әлгі Таңатар қойғысы есім осы ұл балаға « Жамбыл» деп беріледі. (ол замада емхана, бала туу орталығы деген тек қала орталықтарында болатын, ал Баян мен Білтен ол заманда 129 разездь де тұрған, Балаға көк қағаз алу үшін қалаға бару керек болаты. Сол кезде ауылдан бір адам қалаға кетсе баланың көк қағазын шығарып кел деп қолқа салып жіберетін болған. Әлгі қалаға кететін кісіге баланың есімі Жамбыл деп ескертіп жібереді. Содан не керек қалаға барғанда Жамбыл деген есімді ұмытып қалмасы барма, ағамның көптен күткен ер баласы ғой деп – құдай өзі берген екен деп, есімін «Құдайберген» деп қойып жіберген. Ауылға үш – төрт күннен келген соң, көк қағазы тапсырады. Көк қағазда Жамбыл емес – Құдайберген деп тұрады. Үй іші аң – таң. Не де болса осы есім бұйырыпты. Солай уақыт өте келе докуметтегі есім емес, Жамбыл есімімен аталынып жүр. Жамбыл ұлдары Баян әжеміздің өзі Құдайдан тілеген баласы екен.
1966 жылы Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде дүниеге келді. 1972 – 1973 жылдары ауыл мектебіне барып, 3 сынып оқиды. 4сыныпты Белек мектебіне ауысады. 1984 жылдары 3 жылдық іскери борышын өтейді. 1988 жылы Токтасинова Кумис ке үйленеді. 1989-90жж Қазақстанға көшіп келеді. Үлкен қыздары: Гаухар, Ақтілек, ұлы Арман, қыздары Жанар Аягоз. 2001 жылы жолдасы қайтыс болады. 2003 жылы Джусупова Улбалашка үйленеді. Қуаныш, Райиан есімді балдар жарық көреді.
1968 жылдары екінші ұлдары Жаңбыр Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде дүниеге келеді. 3 сыныпты ауыл мектебінде оқып, 4 ші сыныптан Белек мектебіне ауысады. Жолдасы Бибігүл, қыздары Амангүл, Алмагүл, Жұлдыз, ұлы Сүйіндік, сүт кенжесі Амина.
1971 жылы үшінші ұлдары Абай, Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде дүниеге келген. 1978 жылы туған жерінде бастауыш мектепті аяқтап, оқуын Белек пос-де жалғастырады. 1986 жылы 29 орта мектептің 8 ші сыныбын бітіріп, теміржолшылар училищесіне оқуға түседі. 1989 – 1991 жж. әскери борышын өтейді. 1991 – 1999 жж. түркмен темір жолында қызмет атқарады. 1999 жылы Маңғыстауға қоныс аударады.Қазіргі таңда Болашақ станциясында тұрады. «Қазақстан темір жолы» басқармасында еңбек етіп жатыр. Жолдасы Тұрмағанбетова Оразгүл екеуі : Акерке, Райса, Ұлдай, Фарида деген төрт қыз тәрбиелеп отыр.
1973 жылы төртінші ұлдары Түркменстан, Красноводск обл-ң 129 разъезінде Есеке дүниеге есігін ашады. Белек мектебін бітірген. Жолдасы Камшат. Ұлдары Жасұлан, Райымбек, Жанболат, кенже қыздары Адиа.
1977 жылы 14 мамыр ТССР Красоводск қаласы 129 разъезд «шестой» станциясында Кідірән атты қыздары дүниеге келеді. 1984 жыл белек мектебін оқып, 1994 жылы 11 жылдық сынып бітірген. 1999 жылы Қазақстанға көшіп келді. 2006 29 жасында Қуанов Амандыққа тұрмысқа шықты. Қазіргі таңда екі ұлы бар Асылбек, Абылай. 2013 жылдан бастап ТОО «Тазалық» мекемесінде қызмет атқарып жатыр.
ТССР 1983 жылы сүт кенже ұлдары Амалхан дүнеге келеді. Осы Амалхан есімін берген Орынбасар деген құдасы екен. Сөйтіп 1985 жылы Білтен Абылгазыұлы дүниеден озды. Сол кезде Амалхан жас жарымда болар.
Токтасинов Амалхан Билтенұлы өмірбаянынан :
Есім білгелі 129 разъезд «Шестой» ауылында өстім. 1990 жылы мектеп табалдырығын аттадым. Мені оқытқан мұғалім : Есбекеева Дина. 1 –ші сыныптан 3 – ші сыныпқа дейін. 4- ші сыныптан бастап Белек ауданында № 29 орта мектебінде 10-шы сыныптың жартысына дейін білім алдым. Содан сол уақыт аралығында 1995 – 1999 жылдары аралығы қиыншылықтар болды. Ауылдың адамдары мен балыққа кететін болдым. Каспий теңізінен үй шаруашылығына, азық – түлігіне жететін етіп бір қап балық кезек – кезек аулайтын едім. Сол кезде : Төлеу, Айтан, Рахмет, Қайрат – офицер, Нұрлан деген ауыл адамдарымен бірге шығып жүрдім. Ал күзден – көктемге дейін етік, тапочка тігемін. Баян апа оны қалаға кетіп тамаққа айырбастап немесе қарызға да беріп кететін. Өмір осылай жалғасты.
1999 жылы мектепті аяқтамай Қазақстанға көштік. Маңғыстау обл., Жаңаөзен қаласына. Қараша айы, Рахат - 1 шағын ауданы, Балауса 33 үйге. Ол кезде үй бір бөлмелі 4х5 , бәріміз бірігіп оты жағып отырдық. Мені не керек мектепке де қабылдамай қойды. Руы табынай жеңгем мені 2 ші шағын микройонғп 18 келешек КСК жұмысқа орналастырды. 2000 – 2001 жылдары сол жұмыстан шықтым. 2001 – 2003 жылдары МГКС мекемесінде стропилчик қызметінде жүрдім. 2004 -2005 жылдары құлагер мекемесінде жұмыс жасадым. 2005 жылы руы таз Бисекешова Алтынай үйлендім. 2007 жылы өмірге Білтенов Бекзат деген ұлдарымыз келді. 2008 жылы Білтенова Акжүніс, 2013 Білтенова Назым, 2014 Білтенова Айару деген қыздарымыз дүниеге келді. 2005 жылдан бастап ТОО Семсер мекемесінде обекть КАЗТРАНСОЙЛ мобильный группа 504 аға күзеті болып қызмет атқардым. 2014 жылдан бере ТОО «Жөндеу» мекемесінде 18 бригада да 3 –ші дәрежелі бұрғышы көмекшісі болып 2017 жылға дейін жасап, 2017 жылдан ары қарай 4-ші дәрежелі бұрғыышы көмекшісі болып қызмет атқарып келем-деді.
Абылгазыұлы Білтен немересі Тоқтасынова Жанар Құдайбергенқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі