Кеменің жол табуы

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Кеменің жол табуы

Кеменің жол табуы — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Кеменің жол табуы бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Баяғы заманда теңіз жағасындағы елді-мекендердің бірінде мынадай оқиға орын алған екен. Әдеттегідей күн шығарда әйел, бала-шағалар ізгі тілектерін айтып еркектерді теңізге шығарып салады. Желкендері ашылған кемелер жағадан ұзап, біраздан соң көзден ғайып болып, көкжиектен көрінбей кетеді. Жағалаудағы ел болғандықтан балық аулау – бұлардың негізгі тіршілік көзі болатын. Балықшылардың сол күнгі балық түсімі берекелі болады. Бірақ кешке таяу қайтар кезде аспан түнеріп қатты дауыл басталады. Дауылдың жойқындығы соншалық көз аштырмайтындай дәрежеде еді. Әйел, бала-шаға жағаға жүгірісіп, Жаратқанға дұға етіп жалбарына бастайды. Бәрінің көздері жасқа толып, көңілдері жабырқаулы. Сол сәтте ауылдың ең биік жерінде орналасқан бір үйден өрт шығады. Әйелдер мен балалар өртті сөндіру үшін қырға қарай жөнеледі. Сөндірмек болып қанша талпынғандарымен ештеңе шықпайды. Желдің әсерімен өрт одан сайын алаулап күшейе түседі. Әр үйдің асқар тау әке, аға буындары келетін уақытынан тым ұзақ кешіккендігі бәріне үлкен уайым еді. Оның үстіне мына өрттің шығуы қайғы үстіне қайғы қосқан еді. Түннің едәуір бөлігі өтіп, лаулаған отпен әлі де арпалысып жатқанда жағадағы балалардың «келе жатыр! келе жатыр!» деген айқайы естіледі. Бәрі жағаға жүгіреді. Кемелерді көрумен көздеріне қуаныштың жасы келіп, көңілдері жайлана бастағандай. Кемелер жағаға жетіп, балықшылар кемеден түсе сала бәрі жақындарымен құшақтаса қауышады. Тек үйі жанған әйел күйеуіне мұңая қарап, қыр жақты меңзеп: «Құрыдық, үйіміз, ішіндегі бүкіл жиған-тергендеріміз бәрі жанып көкке ұшты» -дейді. Күйеуі болса күлімдеп: «Үйіміздің жанғаны қандай жақсы болған. Дауылдың кесірінен бағытымыздан адасып, әбден әбігерге түстік. Жанған үйіміздің жарығының арқасында бүкіл кемелер жолын тауып, жағаға аман-есен оралдық! Теңізде тағы біраз кідіргенде суға кетер едік» дейді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеменің жол табуы туралы не білуге болады?

Бұл бетте Кеменің жол табуы тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Әңгімелер мен мақалалар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар теңіз тақырыбындағы материалдар жол тақырыбындағы материалдар Ғибратты әңгімелер тақырыбындағы материалдар