XVIII ғасырдың ұлы математигі, механик және физик. Швейцарияда туған. Базель университетін бітірген. Ұзақ жылдар Ресейде тұрып, жұмыс істеген. Ол – Санкт-Петербург және Берлин академияларынан басқа Париж академиясының, Лондон корольдық қоғамының т.б. көптеген ірі ғыл. қоғамдардың мүшесі болды. Эйлердің зор ғылыми мұралары математикалық анализге, геометрияға, сандар теориясына, вариациялық есептеуге, механикаға және басқа математиканың қосымшаларына қатысты алған тамаша нәтижелерден тұрады.
Эйлердің негізгі еңбектері сол кездегі математика мен механиканың барлық саласына, серпімділік теориясына, математикалық физикаға, оптикаға, музыка теориясына, машиналар теориясына, баллистикаға, теңіз ғылымына, т.б. арналған. Оның ғылыми еңбектерінің жинағы ауқымды 60-80 том көлемінде деп болжанады. Эйлер “Аналитикалық түрде баяндалған механика не қозғалыс туралы ғылым” (2 томдық, 1736), “Анализге кіріспе” (2 томдық, 1748), “Дифференциалдық есептеу” (1755), “Универсал арифметика” (2 томдық, 1768 – 1769) және 6 тілде 30 шақты рет басылып шыққан “Интегралдық есептеу” (3 томдық, 1768 – 1770; 4 томдық, 1794), т.б. осы сияқты бірқатар классик. монографияларында өзінің және басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелерін жүйеге келтірді. Ол “Механика” атты монографиясында жаңа математикалық анализдің көмегі арқылы нүкте динамикасын тұңғыш рет кең көлемде баяндады, ал “Қатты денелер қозғалысы теориясында” қатты дененің кинематикасы мен динамикасының теориясын жетілдірді және қатты дененің қозғалмайтын нүкте маңынан айналу теңдеуін (гироскоптар теориясының бастамасы болған) тапты. Аспан механикасы бойынша да үлкен жаңалықтар ашты. 1757 – 1771 жылдары жарық көрген мемуарлары тұтас орта механикасы жөнінен жүргізілген зерттеулерге қосылған елеулі үлесі болды. Эйлер вариациялық есептеу мен дифференциалдық теңдеулер теориясының негізін жасады, дифференциалдық және интегралдық есептеулерді жалпылап, одан әрі дамытты. Ол – 886 мақала мен мемуардың авторы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Диана
неге оте аз???
Махаббат
Жаксы жазылган екен!
алина
шыны менде неге аз
Нұрдана
Шынымен неге аз жазылған .Атақты математик емес ме? Бірақ жақсы жазылған екен
Аяулым
Өте тамаша матиматик
Амина
Өте тамаша жазылған бірақ аз
Нуралы
Рахмет
Бердібек
өте керемет
Айсана
Керемет, рахмет
Ам
Өте керем аз Го бірақ
Амилай
Күүшшот