Өлең, жыр, ақындар

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.

Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.

Осы өңірде кең керілген керегең,
Еңбегіңмен еселенген берекең.
Атасының амандығын тілейді,
Ерке, тентек, ақ пейілді немерең.

Ардақтайды ақсақал деп халқың да,
Біз секілді ұрпағың да артыңда.
Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,
Дәл осындай мейірімді қалпыңда.

*** *** *** ***

Аса құрметті әкеміз! Сіздің жетпістің асуына еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен ат басын тіреген шағыңыз алтын тоймен тұспа-тұс келуде. Қос мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, мына өлең жолдарын өзіңе тарту етемін:

Жетпісің жетіпті, әке, желкен керіп,
Тірлігің күннен күнге көркемделіп.
Бұл күнде бір әулеттің айбынысыз,
Тұрасыз парасатқа өлшем болып.
Сіз өскен .... – көркі жердің,
Сындарлы саңлағысыз еркін елдің.
... ұл-қыз бүгінде азамат боп,
Оқытып, әрқайсына енші бердің.
Көкірегіңе мейірім толып нұрлы,
Жаныңызды жақсылық қоныс қылды.
Кеңпейіл, ашық жарқын мінезіңіз,
Кейінгі жас өренге болыпты үлгі.
Жүгін арттың иыққа жыл көшінің,
Мақтан боп ел аузында жүрді есімің.
Анамыз айнымайтын серігің боп.
Отауың орда болды іргесі күн.
Ассаң да тіршіліктің сан асуын,
Таусылмас арманы адам баласының.
Бүгінгі алтын тойың тұр айғақтап,
Жүрек пен жүректердің жарасымын.
Жүресің қалжыңмен елдің басып мысын,
Ұрпаққа кеудеңдегі жақұтты ұсын!
Аман-сау жүзге жеткін, асыл әке,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

*** *** *** ***

Той бүгін, шалқар шаттық төріндегі,
Күн бүгін, нұрын төккен көгіндегі.
Жан әке, Сіз ғой биік асқарымыз,
Сіз барда шайдай ашық аспанымыз.
Жұп жазбай анамызбен ғұмыр бойы
Бақ таймай, ұзақ болғай жастарыңыз.
Жетпіске толған шақта жан әкеміз,
Жан сырды ақтарайық көңілдегі.
 
Біздерді сәби кезден қаз бастаған,
Сол кезде жастықтағы қалмас тұрған.
Әкенің жолын қуып ұрпағың да,
Ұстаздық ұлы жолды жалғастырған.
 
Білеміз өміріңде сан із барын,
Бес балаң маздап жанған жұлдыздарың.
Өзіңді мақтан етер, ұлағатты,
Беделді, сыйласын деп ұл-қыздарың.
 
Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,
Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.
Ағайын, дос-жаранға сыйлылығын,
Көргенде өзге жұрт та таңғалады-ай.
 
Өмірде күндер кешіп жарасымды,
Жинадың зерделі ой мен бар асылды.
Әлі де ұзақ жасап ортамызда –
Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

70 жасқа құттықтау

Аяулы әке, Ата туған күн құттықтау, тілек

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

Асқар тау әке туған күнің құтты болсын!

Ата-анаға ақ тілек

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!

Әкеге тілек құттықтау


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Алйкул Гулбану. 3 В

Ата. Туган. Кунiнiз. Бен. Ауырманыз. Жасыныз. Узак. Болсын

Азамат

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын! - ең әдемі тілек құттықтаулар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз