50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / 50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.

Материал — ана, құттықтау, тілек, 50 жас — осы тақырыптарға байланысты.

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
 
Елу жас — енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар — қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

*** *** *** ***

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір.

Мейірімнің нұры тұнып жанарыңа,
Қарайсың әкеміздің жанарына.
Балаларың бақытқа бөленеді,
Көзіңнен күннің нұры тамады да.

Төріңнен күн жоқ қонақ толастаған,
Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән.
Ананы қазақ – тәңір санапты ғой,
Өзіңнен бұл фәниде жан аспаған.

Анажан, түсір күткен келініңді,
Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді.
Жүре бер шаңырақтың құты болып,
Аспанға атайын мен бөрігімді.

*** *** *** ***

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.

Орындалсын, анажан, басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

50 жасқа құттықтау



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

Диана

Өте жақсы тақпақтар маған қатты ұнайды

Динара

50 жасқа анаға арналған ең әдемі тілектер мен құттықтаулар

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар деген не?

Бұл бетте 50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі басқа материалдар ана тақырыбындағы материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар тілек тақырыбындағы материалдар 50 жас тақырыбындағы материалдар туған күнге арналған тілектер тақырыбындағы материалдар туған күн тақырыбындағы материалдар