Өлең, жыр, ақындар

Ли Куан Ю

Ли Куан Ю (ағылш. Lee Kuan Yew, немесе Lee Kwan-Yew; 1923 жылғы 16 қыркүйек, Сингапур - 2015 жылғы 23 наурыз, Сингапур) — Сингапурдың мемлекет қайраткері және тұңғыш Премьер-Министрі, Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің авторы және орындаушысы.


Нақыл сөздері

Қоғамдағы бейбітшілік пен үйлесім кілті – ол ойынның ереже бойынша айналып, әркім өзіне тиісті қоғамдық үлесін алуында.

Ілмектер: қоғам, бейбітшілік, нақыл, афоризм Ли Куан Ю

Мемлекеттегі ресурстардың жетіспеушілігін өтеу үшін азаматтар: ой-өріс, тәртіп және тапқырлық қасиеттерінде басым болу керек.

Ілмектер: мемлекет, ресурс, тәртіп, тапқырлық Ли Куан Ю

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю

Сыпайы болудан сіз ешнәрседен ұтылмайсыз. «Жоқ» деп айтуға мәжбүр болатын жағдай болады, бірақ оны мәдениетті түрде, шынайы себептерін түсіндіре отырып жеткізіңізші... Не себепті «Жоқ» екенін маған түсіндіріңізші. «Жоқтың» орнына «Иә» деп айтпай-ақ та қойыңыз... Егер «Жоқ» деп айтуға шынайы себептер болса, жауабыңыз «Жоқ» болып қала берсін, бірақ оны сыпайы жеткізіңіз.

Ілмектер: сыпайы, сыпайылық, мәдениет Ли Куан Ю

Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.

Ілмектер: шешім, жастар, ересек, болашақ, ұрпақ, мақтану Ли Куан Ю

Мен бір көргеннен ғашық болуға сенбеймін. Менің ойымша, бұл – үлкен қателік. Сіз тек физикалық сипаттамаларға көңіл бөлсеңіз, сол үшін қатты өкінесіз.

Ілмектер: өкініш, махаббат, ғашық Ли Куан Ю

Төсек тартып жатсам да, тіпті мені табытқа салуға тырыссаңыз да, егер мен бірнәрсенің дұрыс еместігін байқасам, мен орнымнан тұрамын.

Ілмектер: табыт, дұрыс емес Ли Куан Ю

Даңққа бөлену дейсіз бе? Бұлай жасау менің қолымнан келсе жақсы. Жоқ, адам тек өлгеннен кейін ғана демалады.

Ілмектер: даңқ, адам, демалу, еңбек Ли Куан Ю

Қарап көріңіз

Пікірлер