Рэй Крок

Реймон Альберт Крок (ағыл. Raymond Albert Kroc), бейресми Рэй Крок (Ray Kroc; 5 қазан 1902 — 14 қаңтар 1984) — америкалық кәсіпкер, ресторатор, McDonald’s корпорациясының негізін қалаушы. «Тайм» журналында «100 айрықша маңызды ғасыр адамдары» қатарына енген. Есептеулер нәтижесінде дүниеден өткеннен кейін $500 млн қазына-мүлік жинағаны белгілі болды.


Нақыл сөздері

Жеңілме…

Ілмектер: жеңіс, жеңілме, нақыл, афоризм Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Мен Құдайға, отбасыма және McDonald’s-қа сенемін. Жұмыста болған кезде оның реті соңынан басына қарай өзгереді.

Ілмектер: отбасы, жұмыс, рет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Маған жай ғана басқа мүмкіндіктерді іздеу керек болды.

Ілмектер: мүмкіндік, іздеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Егер тәуекелшіл болмасаңыз, бизнеске тұмсығыңызды сұқпаңыз.

Ілмектер: тәуекел, бизнес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Жұмыс — өмірдің гамбургеріндегі ет.

Ілмектер: жұмыс, өмір, ет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын.

Ілмектер: бәсекелес, бәсекелестік, жоспар, ұрлау, ұрлық, ой, озық Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Мен өзгелерді жетістікке жетелеген сайын, өзім де жетістіктің шыңына өрлей беремін.

Ілмектер: жетістік, шың, өрлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Тұтынушыларыңызды бақылаңыз, сонда кәсібіңіз дамиды.

Ілмектер: тұтынушы, кәсіп, бақылау Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Гамбургер дайындау кәсібін біз сияқты ешкім шынайы қабылдаған жоқ.

Ілмектер: гамбургер, кәсіп Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

Ілмектер: ақша, табыс, жұмыс Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Тәуекел болмаса, қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін мақтаныш та болмайды.

Ілмектер: Тәуекел, жетістік, мақтаныш Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

Ілмектер: табыс, көрсеткіш, маңдай, тер, терлеу, нақыл, афоризм, еңбек, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Ілмектер: ұмтылыс, табандылық, талант, данышпан, жоғары білім, білім, жалқау, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

Ілмектер: табыс, күту Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

Ілмектер: ақша, борыш, жетістік Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым.

Ілмектер: кәсіп, майдан, шайқас, жігер, қайрат Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Бізде бакалавр дәрежесін иеленген мамандар өте көп. Бірақ…

Ілмектер: білім, оқу, бакалавр, маман Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Өзіңнің қорқыныштарыңды сенімге алмастыр.

Ілмектер: сенім, қорқыныш, нақыл, афоризм Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз