Өлең, жыр, ақындар

Франсуа Вольтер

Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, християн дінін қатты сынайды. Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ.


Нақыл сөздері

Мен Ұлы адам деп адамзатқа ұлы-ұлы еңбек еткендерді атаймын.

Ілмектер: ұлы, адамзат, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер

Ақылы жасына сәйкес келмеген жан, бақытсыз жан.

Ілмектер: ақыл, бақытсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер

Достық — бұзылғандар жүрегі үшін жаралмаған.

Ілмектер: достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер

Еңбек дегеніміз адамның өмірі.

Ілмектер: Еңбек, адам, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер

Ой жүгіртпестен көп оқи берген сайын, соғұрлым көп білемін деп сенесіз, ал оқып отырып неғұрлым көп ойласаңыз, әлі де өте аз білетініңізді соғұрлым айқын көресіз.

Ілмектер: кітап, ой, оқу Франсуа Вольтер

Еңбек рухани және эстетикалық дамудың ең таңдаулысы.

Ілмектер: еңбек, даму Франсуа Вольтер

Көре алмаушылық - жүректегі у.

Ілмектер: көре алмаушылық, жүрек, у Франсуа Вольтер

Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады.

Ілмектер: жұмыс, зерігу, кемшілік, мұқтаждық Франсуа Вольтер

Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын.

Ілмектер: соғыс, халық, бай Франсуа Вольтер

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.

Ілмектер: сыр, ақымақ Франсуа Вольтер

Ешқашанда үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды.

Ілмектер: іс, қиыншылық Франсуа Вольтер

Қарап көріңіз