Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.



Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты.

Ілмектер: оян, қазақ, дін, қараңғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Дос емес дос сыртынан жамандаған.

Ілмектер: дос, жамандау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.

Ілмектер: құл, би, күлу, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас,
Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.

Ілмектер: Алыс, жақын, дос, жолдас, қас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты теріп татпай.
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!

Ілмектер: ризық, халық, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Қызығы бұл жалғанның — мал менен бас.

Ілмектер: қызық, өмір, жалған, мал, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Артықтан тағылым ал, кемге — үйрет.

Ілмектер: тағылым, үйрет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.

Ілмектер: білім, тәрбие, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

Ілмектер: Тарих, халық, жұрт, ел Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек

Ілмектер: тіл, қазақ тілі, тіл құрамы, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Алла жақын кеудеде оты барға.

Ілмектер: Алла, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын сонда қайда едің?

Ілмектер: алаш, заман, көсем, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Заманның көз сал халіне.
Халқыңның ойла пайдасын,
Өзің үшін налыма...
Басыңды тік бәйгеге,
Бір халқыңның қамына...
Қиянаттан бой тартып,
Шық әділет жағына.

Ілмектер: әділет, халық, заман, пайда, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Жар — халал жұп.

Ілмектер: жар, халал, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,
Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.
Шет шығып сахарадан баспас қадам,
Болады бүйтіп жүріп қашан адам?
Бейхабар ғаламдағы хикматтан,
Тұтқындай қапастағағы күні қараң.

Ілмектер: ғылым, үш жүз, қазақ, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.

Ілмектер: салт, сана, кәсіп, афоризм, нақыл Міржақып Дулатұлы

Ғылым үйрен - көзің ашылады.

Ілмектер: ғылым, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.

Ілмектер: қауым, зиялы, халық, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Ілмектер: өнер, халық, қызмет, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қарап көріңіз