Роберт Вальзер нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Роберт Вальзер дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Келер күндеріміз біз үшін қайтыс болғандардың бейіттерінен гөрі, көбірек күтім күтетін бейкүнə сəбилер тəрізді.
Ілмектер: сәби, болашақ, келер күн, бейкүнә сәби Роберт Вальзер
Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.
Ілмектер: ақымақтық, тектілік Роберт Вальзер
Ақымақтық аярлықпен көрші тұрады.
Ілмектер: ақымақтық, аярлық, көрші Роберт Вальзер
Данышпан адам табиғатынан жайсыз келеді: ал халық болса — тыныштықты қалайды.
Ілмектер: данышпан, табиғат, жайсыз, халық, тыныштық Роберт Вальзер
Жақсылыққа деген үміт көп жерде, аярлардан аяқ алып жүре алмайсыз.
Ілмектер: жақсылық, үміт Роберт Вальзер
Пысық кісілердің пасықтығы аңғарылмай тұрмайды.
Ілмектер: пысық, пысықтық, аңғару Роберт Вальзер
Сіз мені адал болғаным үшін қызықсыз көруіңіз мүмкін.
Ілмектер: адал, қызық, қызықсыз, адалдық Роберт Вальзер
Байқадыңыз ба: сараңдар өте ұзақ жасайды. Тегі, олар ажалдың өзінің зəресін ұшыратын болуы керек.
Ілмектер: ажал, сараң, зәре, сараңдық Роберт Вальзер
Əйелдердің қай-қайсысы да мақтауға лайық! Қай əйелдің бойынан да əлдебір тамаша ізгілік табылады: мен кір жуушының ханзададай əсем қозғалып келе жатқанын көргенім бар!
Ілмектер: әйел, мақтану, тамаша, ізгілік, ханзада Роберт Вальзер
Шындықты айтқан кезде ізетті көріне қоймайсың.
Ілмектер: шындық, ізет Роберт Вальзер
Кез келген шуда шу шығарушы үшін қолайлы бірдеңе болады: шулап жүрген кезі өзіне ерлік көрінетін сияқты.
Ілмектер: шу, ерлік Роберт Вальзер
Нағыз мықтылар өз күштерін сыртқа шығару арқылы мақтанады.
Ілмектер: мықты, күш, мақтаныш, мақтану Роберт Вальзер
Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті.
Ілмектер: сырт, бейне, көңіл, қайрат, жігер Роберт Вальзер
Шыдамсыздарға қарағанда төзімділер қайраттырақ болуы мүмкін: өйткені, алдыңғылар тек əлдебір қорқыныштың аузын жабуға ұмтылатын тəрізді.
Ілмектер: шыдам, шыдамсыздық, төзім, төзімділік, қорқыныш Роберт Вальзер
Уайым-қайғысыздық — жасартады, іспен айналысу — көркейтеді.
Ілмектер: Уайым, қайғы, жас, көркею, іс Роберт Вальзер
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі