Өлең, жыр, ақындар

Жорж Батай

Жорж Батай (фр. Georges Bataille; 10 қыркүйек 1897 ж.,Бийом, Овернь, Франция — 9 шілде 1962, Париж, Франция) — француз философы, әлеуметтанушы, өнер теоретикі және солшыл нанымдардың жазушысы.


Нақыл сөздері

Əдеби шығарма жазу — кез-келген қорлық тəрізді, құлшылықтан да теріс айналу.

Ілмектер: шығарма, құлшылық Жорж Батай

Күлкі мынаған үйретеді: өлім бөлшектерінен ақылмен алшақтай жүріп, өмірді сақтауға ғана ұмтыламыз, ал ақыл аяғымызды аттап баспауға бұйыратын жерлерде — өмір сүреміз.

Ілмектер: күлкі, өмір, өлім Жорж Батай

Ең бақытты күлкі — сəбидің күлкісі!

Ілмектер: сәби, күлкі, бақыт Жорж Батай

Қашу керек деген ниеттің өзі — адам болуға деген қорқынышты аңғартады.

Ілмектер: қашу, ниет, адам, қорқыныш Жорж Батай

Ең қызығы — білмеудің өз міндеттері болатындығы. Білімге бой ұрған сайын білімсіздіктің соңы солғұрлым ауыр, өкінішті бола түседі.

Ілмектер: қызық, білім, өкініш Жорж Батай

Шешімділік — барар жер, басар тау қалмаған кезде пайда болады.

Ілмектер: шешімділік, шешім қабылдау Жорж Батай

Көбею дегеніміз — құру. Көбейген өзімен-өзі болудан қалады.

Ілмектер: көбею Жорж Батай

Шектен шықпау — ақыл-ой қабілетін дамытуға қолайлы жағдай туғыза қоймайды.

Ілмектер: шек, ақыл, ой Жорж Батай

Ағыспен ғана жүретін, өзін ешқашан да тұйыққа тіремейтін, өзін-өзі ешқашан қабырғаға керіп қойып, алқымнан алмайтын адам болу — түкке тұрмайтын іс.

Ілмектер: ағыс, адам Жорж Батай

Өнеркəсіп тек жақсылық қана əкелмейді, оған қасірет те еріп жүреді — сөйтіп, теңбе-теңдіктің бұзылуына жол ашады. Бірақ, өкінішке орай, бұған өте аз көңіл бөлінеді.

Ілмектер: Өнеркəсіп, қасірет Жорж Батай

Қоғам — жеке адамдардың орнын күш қана толтыратын əлсіздікке негізделген.

Ілмектер: қоғам, адам, әлсіздік Жорж Батай

Ақын — тобыр емес: ол — мүлдем жалғыз.

Ілмектер: ақын Жорж Батай

Ақындық дегеніміз — əдеттегінің ерекшеде еріп барып, сол ерітіндінің ішінде бізді ерітетін бөлшегі.

Ілмектер: ақын Жорж Батай

Ақындық даналық дегеніміз — қатып қалған зат біткеннің бəрінің өзін-өзі аласапыран айғаймен күл-талқан етуін құдайдың ісіне айналдыру. Бұдан ғаламат һəм сирек не болушы еді!

Ілмектер: ақындық, даналық Жорж Батай

Əдебиет дегеніміз — араласу. Əдебиет — қайта оралған балалық.

Ілмектер: әдебиет, балалық Жорж Батай

Кейде уақыт жетпей жататындай көрінеді. Əйтеуір, уақыт тым аз.

Ілмектер: уақыт Жорж Батай

Қарсылық көбінесе əлдебір ұсақ-түйектен барып басталады, бірақ шын басталып кетсе — ешкім де тоқтата алмайды.

Ілмектер: Қарсылық, ұсақ-түйек Жорж Батай

Тəжірибе — адамның болмыс туралы білетінінің бəріне жанып-күйіп тұрып һəм əлдебір мұңмен күдік келтіру.

Ілмектер: Тəжірибе, мұң Жорж Батай

Үзік — ұлан-асырлық белгісі.

Ілмектер: үзік, белгі Жорж Батай

Жоқ болу — жаныңның жай табуы емес.

Ілмектер: жан Жорж Батай

Қарап көріңіз

Пікірлер