Психологиялық талдау — мəнге психологиялық талдау жасау деген сөз.
Ілмектер: Психологиялық талдау, психология Жиль Делез
«Мен не істесем — сен де соны істе» дегеннен біз ештеңе де үйрене алмаймыз. Біздің бірден-бір ұстаздарымыз — «менімен бірге осылай істеңдер» дейтіндер.
Ілмектер: ұстаз, үйрену Жиль Делез
Балық — тіршілік иелерінің ішіндегі ең айғайшылы: ол — тіл проблемасының бір көрінісі.
Ілмектер: балық, проблема Жиль Делез
Нашар кітап көбіне жүзеге аспай қалған ниеттердің мағынасыздығының көрінісі болып шығады.
Ілмектер: кітап, ниет, мағына, көрініс Жиль Делез
Көңіл қалушылық — сүйіспеншілік пен жек көрушіліктің ортақ бастауы тəрізді.
Ілмектер: Көңіл қалу, сүйіспеншілік, жек көру Жиль Делез
Қарама-қайшылық дегеніміз — тереңнің бостандық алуы, оқиғаны бетке шығару.
Ілмектер: бостандық, оқиға, Қарама-қайшылық Жиль Делез
Зердеге — ұмытшақтық қарсы тұрмайды, ұмытшақтыққа — ұмытшақтық қарсы тұрады.
Ілмектер: Зерде, ұмытшақтық Жиль Делез
Денсаулықтан дертке дейін, дерттен денсаулыққа дейін — осы қозғалыстың өзі ойша болса да, тамаша денсаулықтың белгісіне жатады.
Ілмектер: Денсаулық, дерт Жиль Делез
Шынымен-ақ, тым болмаса құлаған адамның қатты жарақат алмауына тілектестік танытуға да шамамыз келмегені ме?!
Ілмектер: жарақат Жиль Делез
Көбіне алғысөзді — артынан, соңғы сөзді алдымен оқу керек деседі.
Ілмектер: алғысөз Жиль Делез
Бас айналушылық пен ұмытшақтық –— өткінші, қараңғылықтың өзі əу бастан-ақ жарықпен нұрланған.
Ілмектер: ұмытшақтық, өткінші, жарық, қараңғылық, нұр Жиль Делез
Біздің қожайындарымыз да — бүкілəлемдік құлдану процесінің аяғынан тік тұра бастаған кезінде табысқа жеткен құлдар.
Ілмектер: қожайын, құл, табыс Жиль Делез
Бастау — мүмкіндіктің бəрін жоқ қылу деген сөз.
Ілмектер: мүмкіндік, бастау Жиль Делез
Қазір қайталануға тиіс нəрсе деген сөз — өткен шақ: қайталаудың өзі, ал келешек — қайталанар нəрсе.
Ілмектер: өткен шақ, келешек Жиль Делез
Негіздеу дегеніміз — айқындау.
Ілмектер: Негіздеу, айқындау Жиль Делез
Атүстіліктен нəзік нəрсе жоқ.
Ілмектер: нәзік Жиль Делез
Өмір — ойға жан береді, ал өмірді оятатын — ой.
Ілмектер: өмір, жан, ой Жиль Делез
Данышпандық — садақ тарту өнеріне ұқсайды: ол — əрі жақ тартушы, əрі жебе атылған жамбы.
Ілмектер: Данышпандық, өнер, жебе Жиль Делез
Бұзылған адамның əлемі — басқасы жоқ əлем, яғни, мүмкіндігі жоқ əлем.
Ілмектер: адам, әлем Жиль Делез
Билік өмірді өз объектісіне айналдырған кезде — өмір биліктің қарсыласы болып шығады.
Ілмектер: билік, өмір Жиль Делез
Бір мезгілде əрі өзі шекара белгілеу, əрі өзі оны бұзып өту — тек тілге ғана бұйырған.
Ілмектер: тіл Жиль Делез
Идеялар дегеніміз — көп мағыналылық, əр идея — көп мағыналы, көп қырлы.
Ілмектер: идея, мағына Жиль Делез
Стоиктардың қарама-қайшылығы — тағдырды мойындай отырып, қажеттілікті жоққа шығаруда болып отыр ғой.
Ілмектер: тағдыр Жиль Делез
Актердің ойнайтын рөлі — кейіпкердің рөлі емес. Ол — тақырып.
Ілмектер: актер, тақырып Жиль Делез
Ақымақтық — жануарға тəн белгі емес. Жануар «ақымақ» болудан ерекше қорғалған.
Ілмектер: ақымақтық, жануар Жиль Делез
Пікір айту саласында мүмкін де, елес те ештеңе жоқ, мұнда бəрі — айқын.
Ілмектер: пікір Жиль Делез
Өзі тапқан жəне өзі қайта көміп тастаған тұңғиыққа қайта оралу — міне, Ницшенің мүлдем өзінше өлген жері осы!
Ілмектер: өлім Жиль Делез
Актер — Құдай емес, «қарсы — Құдай» болуы ықтимал.
Ілмектер: актер, құдай Жиль Делез
«Ақиқат ойыны» немесе, дəлірек айтқанда, ақиқатты табу процедурасы деген бар.
Ілмектер: ақиқат Жиль Делез
Мəселе, биліктің не екенінде жəне қайдан шыққанында емес, қалай жүзеге асырылып жатқанында.
Ілмектер: билек Жиль Делез
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі