Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Адам баласы үшін ең қиын нəрсе — өзін-өзі танып білу жəне өзін-өзі өзгерту.

Ілмектер: адам, бала, тану, өзгеріс, өзгерту Альфред Адлер

Біреуден асып түсу, билік, басқаларды құлдықта ұстау — көп адамның бар күш-жігерін жұмсап ұмтылатын мақсаты осылар.

Ілмектер: асып түсу, құлдық, күш, жігер, мақсат Альфред Адлер

Дұшпаның болмаса — өшпенділіктің де не екенін терең сезіне алмайсың: мақсатынан, яғни, дұшпанға тойтарыс беруден тыс кекшілдікті де көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Ілмектер: дұшпан, өшпенділік, мақсат, кек Альфред Адлер

Адамның мінезі ешқашан да моральді пікірге негіз бола алмайды.

Ілмектер: адам, мінез, мораль, пікір Альфред Адлер

Қиял да біздің психологиямыздың шығармашылық қабілеттерінің біріне жатады.

Ілмектер: қиял, психология, шығармашылық, қабілет Альфред Адлер

Бөспебайлық пен атаққұмарлықта шекара деген болмайды.

Ілмектер: бөспебай, атаққұмарлық, шекара Альфред Адлер

Баққұмарлық кісіні əлдебір тəртіп сақтап ойнау əдетінен оңай жаңылдырады.

Ілмектер: тәртіп, баққұмар, әдет Альфред Адлер

Жеке билікке ұмтылу — жетілуге ұмтылушылықты нақтылаудың бір түрі.

Ілмектер: билік, нақтылау Альфред Адлер

Əлеуметтік шарасыздық — өзін-өзі жеткілікті сезінбеушілік пен басым түсуге құмарлықтың салдары.

Ілмектер: әлеумет, шарасыздық, құмарлық Альфред Адлер

Еңбек бөлінісі — адамзат қоғамы тіршілігінің аса маңызды шарты.

Ілмектер: еңбек, қоғам, тіршілік, маңызды, шарт Альфред Адлер

Көзін төмен салып, мүлəйімси қалу — тастай қашуға əзірліктің белгісі.

Ілмектер: әзірлік Альфред Адлер

Есею — міндетті түрде ақылдырақ бола түсу деген сөз емес.

Ілмектер: есею, міндет, ақыл Альфред Адлер

Сүйіспеншілік дегеннің өзі — айтарлықтай аумалы-төкпелі сезім: тайталасқа орын жоқ жерде жеңіске жету де мүмкін емес.

Ілмектер: Сүйіспеншілік, сезім, жеңіс Альфред Адлер

Ата-аналарының дəстүрдің былық-шылығына белшесінен батқаны соншалық, өздері білетіннен басқа ештеңені білгілері де, естігілері де келмейді.

Ілмектер: ата-ана, дәстүр Альфред Адлер

Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі — ол баланың бойына билік мұратын сіңіріп тастайды.

Ілмектер: тәрбие, бала, билік, мұрат Альфред Адлер

Нақты жүзеге асырылған іс қана есепке жүреді.

Ілмектер: іс, есеп Альфред Адлер

Билікке ұмтылушылық пен үстемдік бар жерде қызғанышқа да орын табылады.

Ілмектер: билік, үстемдік, қызғаныш Альфред Адлер

Нақты өмірден гөрі қиял əлемінде өмір сүруді ұнататын бір адамдар болады.

Ілмектер: өмір, қиял, әлем Альфред Адлер

Бедел десе болды көзсіз сене беру өте көп адамдардың əдетіне айналған.

Ілмектер: әдет, бедел, сенім Альфред Адлер

Біздің өміріміздің мəні біздің бүкіл дүниемен байланысымызда жатыр.

Ілмектер: өмір, мән, дүние Альфред Адлер

Қарап көріңіз