Теңіздің де тілі бар.
Ілмектер: теңіз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Немістердің көпшілік қолды рəмізі — əскер болатын: бірақ ол əскерден əлдеқайда артық-тын — марштағы орман десе де болатын еді.
Ілмектер: рәміз, әскер, марш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік қалай тез жиналса, солай тез тарайды.
Ілмектер: Көпшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік ешқашан қанағаттанбайды — бұл оның басты белгісі.
Ілмектер: көпшілік, қанағат, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қанағаттанбаушылық Элиас Канетти
Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды.
Ілмектер: Көпшілік, тығыздық, құмар, бағыт-бағдар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік қорыққан кезде қатты ұйысып, бірігуге ұмтылады.
Ілмектер: Көпшілік, қорқыныш, қорқу, бірігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Адамдар қызу қанды əрі албырт келеді: анаған да, мынаған да ұмтылуға құмар, өзіне-өзі кумир жасап алады да, соның шашбауын көтеріп дедектейді де жүреді жəне басқа дүниенің бəрін ұмытып, тек соған деген құштарлықпен күйіп-жанады.
Ілмектер: қызу қандылық, құмарлық, құштарлық, кумир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Адамдар бұйрықтың ырқына көнген кезде оның қаншалықты қауіпті екенін онша терең сезіне бермейді: бұйрыққа қарсы шығып, оның билігінің бұйдасын үзуге ерлік керек.
Ілмектер: бұйрық, қауіп, билік, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кез келген құпия — жарылғыш зат тəрізді.
Ілмектер: құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Қуғынға түскен кезде ғана бұл дүние қашан да қуғындалғандар мен жер аударылғандар əлемі болып келгенін терең сезінесің.
Ілмектер: қуғын, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлем, сезім Элиас Канетти
Əдебиет кəсіби тұрғыда алғанда — зиянды іс: сөзден қорқу керек.
Ілмектер: əдебиет, зиян, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Жайбарақат жату — адамды қарусыздандырудың ең төте жолы.
Ілмектер: жайбарақат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жол Элиас Канетти
Құдайға сенбейтін адам дүниенің күнəсінің бəрін өз мойнына алады.
Ілмектер: құдай, сенім, адам, дүние, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Зиялылардың ең басты кеселі — дүние тек зиялылардан ғана тұратындай көретіндігі.
Ілмектер: зиялы, кесел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Элиас Канетти
Бұйрықтың теперішін ең көп көретіндер — балалар. Олардың қалай төзіп жүргеніне, тəрбиешілердің игі ниетті имансыз илеуіне қалай шыдап жүргеніне таң қаласың.
Ілмектер: бұйрық, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбиеші, ниет, имансыз Элиас Канетти
«Өзіңді өзің таны» деу — айтуға ғана жеңіл: шынында да осылай болып жатса — қандай қорқынышты болар еді.
Ілмектер: тану, Өзіңді тану, жеңіл, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кез-келген адам — дүниенің кіндігі: дүниенің қызығы да сол — мұндай кіндіктерден аяқ алып жүре алмайсың.
Ілмектер: адам, кіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кейбіреулер өзі өлмеуге тиіс дегенге құдайдай сенеді.
Ілмектер: сенім, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кім болсын тамақ ішіп отырған кезде өзіне-өзі қарап көрсе артық болмас еді.
Ілмектер: тамақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Жануарлар болмаса дүние қаншалықты қауіпті боларын көз алдыңа елестетудің өзі қиын.
Ілмектер: Жануарлар, дүние, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі