Өлең, жыр, ақындар

Цицерон

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады.


Нақыл сөздері

Тарихты білмейсің бе, демек өмір бойы баласың.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, бала Цицерон

Достық — тек қана жақсы адамдар арасында бола алады.

Ілмектер: достық, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Сараң болмау — байлық, шашпа болмау — пайда.

Ілмектер: сараңдық, сараң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, пайда Цицерон

Әр адам — өзінің қас жауы.

Ілмектер: жау, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Шынымды айтсам, мыналардың ойына ортақтас болғаннан көрі, мен Платонмен бірге қателескенді дұрыс көрер едім.

Ілмектер: ой, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Бақ өзі ғана соқыр емес, ол қонған адамын да соқыр етеді.

Ілмектер: бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, соқыр Цицерон

Өзі адал — басқадан арамдық күтпейді.

Ілмектер: адал, арамдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Өмір тәрбиешісі — тарих.

Ілмектер: өмір, тәрбиеші, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Қателесу әрбір адамға тән қасиет,
Қатесін жақтау ақымаққа тән қасиет.

Ілмектер: қасиет, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Дана болу жеткіліксіз, оны пайдалана білу қажет.

Ілмектер: Дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.

Ілмектер: Рүстем Абдрашев Цицерон

Өзіңе дейінгі дүниеден хабардар болмасаң, өмір бойы нәресте қалпыңда өтесің.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, нәресте Цицерон

Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.

Ілмектер: дана, ақыл, тәжiрибе, надан, қажеттiлiк, жануар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Бiр нәрсенi үйренгiсi келген адамдарға оларды үйретiп жүргендердiң беделi жиi бөгет жасайды.

Ілмектер: бедел, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Надандық дегенiмiз ақылдың түнi: айсыз және жұлдызсыз түн.

Ілмектер: Надандық, ақыл, түн, ай, жұлдыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Даналыққа үйренiп қою жеткiлiксiз, оны пайдалана бiлу керек.

Ілмектер: даналық, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Адам неғұрлым адал болса, соғұрлым басқаларды арамдыққа аз қияды.

Ілмектер: арамдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Соғыс кезінде заңның үні өшеді.

Ілмектер: соғыс, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Әркімнің қателесуі мүмкін, ал оны мойындамау - тек ақымақтың ісі.

Ілмектер: қате, ақымақ, нақыл, афоризм Цицерон

Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.

Ілмектер: адам, бала, табиғат, нақыл, афоризм Цицерон

Қарап көріңіз