Өлең, жыр, ақындар

Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.


Нақыл сөздері

Беттің әрі кеткен соң,
Қырмызы киіп не керек.
Бұл өмірдің мысалы:
Кешегі көрген бүгін жоқ,
Ұшып кеткен көбелек.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм Қашаған Күржіманұлы

Ақ көңілдің белгісі — райын сөйлеп, ыржиған.
Пітнә көңіл белгісі — құпия сөйлеп, құнжиған.

Ілмектер: көңіл, нақыл, афоризм Қашаған Күржіманұлы

Бұл өмірдің жұмағы — жігіттік шақ.

Ілмектер: жігіт, жастық, жұмақ, нақыл, афоризм Қашаған Күржіманұлы

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.

Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы

Пілдің тірі бәсі де — мың ділдә,
Өлсе, тері бәсе де — мың ділдә.

Ілмектер: Піл, ділдә, тері Қашаған Күржіманұлы

Бүкіл торғай өртенер бір зәредей жасыннан.

Ілмектер: торғай, өрт, жас Қашаған Күржіманұлы

Ит аулақта доңыз шығар төбеге.

Ілмектер: ит, доңыз, төбе Қашаған Күржіманұлы

Аш кісінің ары жоқ.

Ілмектер: ар, нақыл сөздер Қашаған Күржіманұлы

Қарап көріңіз