Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.

Ілмектер: қанағат, ой Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта.

Ілмектер: дүние, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет.

Ілмектер: қайраткер, заман Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.

Ілмектер: арман, белес, шығу Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ілмектер: адам, ұлт, тіл Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы — нан байлығы.

Ілмектер: нан, байлық Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.

Ілмектер: тіл, әдебиет, қасиет Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Ілмектер: тіл, сөз, ой, ақыл, адам, қасиет Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

...арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.

Ілмектер: арман, белес Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?

Ілмектер: Өмір, тәтті, ащы Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз